Бұған дейін де қасиетті шаһар өз деңгейінде бағасын алып келген. Олай деуіміздің бірі Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы деп жариялау жөніндегі тарихи шешім қабылданды. Тарихи шешім деп айтуымыздың себебі, Түркістан қаласы – шын мәнінде, түбі бір түркі жұртының түпқазығы, рухани астанасы. Түркістан – түркі қағанаттарының туы тігілген Орда. Түркістан – түркі халықтарының орасан зор оғландары ақ киізде хан көтерілген қасиетті жер кіндігі болып келген.
Енді міне, қала әкімі Рашид Аюповтың басшылығымен Түркістан қаласы тағы бір тарихи белесті бағындырып отыр. Олай деуімізге негіз болған қасиетті шаһар дүниежүзілік ұйымның мүшесі атанды. Бүгінде 850 қала өкілдері Түркістан туралы толық ақпарат алып, Оңтүстік Африка елінің Дурбан қаласында өткен жиында ұйымның барлық мүшелері тарапынан бірауыздан қолдауға ие болды. Алла қаласы алдағы уақытта Түркістан қаласына келуші туристтердің саны артып, қаланың әлеуметтік экономикалық әлеуеті көтеріліп, қаншама жұмыс орны ашылмақ. Аталмыш басқосуда Түркістан қаласы, әлемнің озық қалаларымен атап айтсақ, Грозный, Бішкек, Қазан, Дурбан шаһарларымен бауырластық ынтымақ орнатып, алдағы уақытта байланысты күшейтпек.
Бүгінгі түрленген Түркістан жаңаша сипатта дамуда. ҚР Үкіметі мен Түркістан облысы әкімдігінің қабылдаған бас жоспары бойынша нақты іс-шаралар әрекеті бекітіліп, тапсырмалар берілді. Өңірге инвесторлар тартылып, керемет нысандар бой көтеруде. Әрбір облыс өз үлесін қосу мақсатында бір-бір ғимараттан сыйға тартып, олардың құрылысын қарқынды жүргізуде. Халықаралық су жаңа әуежай салынып, сапаржай мен жаңа теміржол бекетін тұрғызу да жоспарда бар. Жаңа шаһардың басты сәулет нысаны ұлттық нақышқа негізделіп салынбақ. Мұндай жоспарлы жұмыстар болашақта Түркістанның туризмнің қайнаған қаласына айналуына мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Жарқынбек ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,
Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.