- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3 тармағына сәйкес, шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына үміткерлерді ұсыну жұмысының басталғандығы туралы хабарлайды.
Тиісті өкілеттігі бар саяси партиялардан немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінен ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 күн 2025 жылдың 6 маусым күні сағат 18:30-ға дейін қабылданады.
Түркістан қалалық мәслихат төрағасы- Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы.
Түркістан қалалық мәслихатының орналасқан мекен жайы:
Индекс 161204 Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі 28 үй.
Құжаттарды қабылдауға жауапты Икрамов Ануархан Көрегенұлы. Байланыс нөмірі: 8747-159-25-26
Түркістан қалалық мәслихат аппараты мекемесі
Тиісті өкілеттігі бар саяси партияларлар немесе олардың құрылымдық бөлімшелері 2024 жылдың 6 желтоқсан күні сағат 18:30-ға дейін нақты сайлау комиссиясына ұсынылатын үміткерлердің тізімін жоғарыда көрсетілген мекен-жайға жолдайды; Түркістан қаласының учаскелік сайлау комиссиясының нөмірі, үміткердің аты-жөні, тегі, туған жылы айы, күні, ұлты (көрсетуі үміткердің қалауына қарай) білімі, мамандығы, жұмыс орны, атқаратын қызметі, байланыс телефондары, үйінің мекен жайы, саяси партияның (көрсетуі үміткердің қалауына қарай) мүшесі болып табылатыны жөнінде мәлімет.
Тізімге саяси партияның немесе олардың құрылымдық бөлімшелердің басшылары қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген мәліметке қосымша:
- Тиісті өкілеттігі бар саяси партиялар немесе олардың құрылымдық бөлімшелері тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткер ұсыну туралы мәжіліс хаттамасының көшірмесі;
- Саяси партиялардың немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
- Үміткердің нақты сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы тиісті мәслихатқа өтініші.
Сайлау комиссиясына үміткерлерді ұсыну барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабының 2 тармағының талаптарына сәйкес:
- сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
- сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс- әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Сайлау комиссияларының орналасқан орны туралы қосымша мәліметтерді тікелей Түркістан қалалық аумақтақ сайлау комиссиясынан көрсетілген байланыс телефон арқылы (8776-712-60-27) алуға болады.
Түркістан қаласында мүшелері шығып қалған учаскелердің тізбесі
№ | Учаскелік сайлау комиссиясының № | Ұсынылатын мүшелердің саны | Учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері |
1 | 137 – уск | 2 адам | №24 М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі Көктонды әулие көшесі №13. |
2 | 935 – уск | 1 адам | Оқушылар сарайы Жаңа қала. |