КЕРЕК КЕҢЕС: САЯХАТҚА СЕРІК БОЛАТЫН ЖАҢА ЖҮЙЕ

60 көрілім

Бүгінгі таңда әр салада жасанды интеллект адам еңбегін алмастырып, жұмысын жеңілдетіп келеді. Әйгілі Илон Маск сұхбатында жасанды интеллектің келешекте адамзатқа қауіпті екенін айтқан болатын. Дегенмен нейрожелілер мамандардың орнын бүгін-ертең ауыстыруы мүмкін бе? Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы ChatGPT-ге арналған саяхатқа керек болатын сұраныстарды Түркістан қаласының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.

Саяхатқа керек болатын сұраныстар:

  • Шабадан жинауға көмектеседі. Мен [мерзім] уақытқа [баратын жеріңіз] бара жатырмын. Маған осы күндері [ауа-райы, температура, жаңбыр, қар сияқты жағдайды көрсетіңіз] болатынын ескеріп, қажет болатын заттар тізімін дайындап бер. Мен [көлік түрі] барамын. Өзіммен бірге [жүкке қатысты қандай шектеу барын жазыңыз, қанша сөмке, қанша келі] ала аламын. Киім мен тазалыққа керек заттардан бөлек, міндетті түрде қажет болатын құжат, ақша, техника сияқты дүниелерді де ұмытпа. 
  • Сапар бюджетін жоспарлап береді. Мен [мерзімі] [баратын жеріңіз] бара жатырмын. Маған санаттар бойынша сапарға кететін бюджетті есептеуге көмектес. Мен максимум [сома] жұмсай аламын. Қалауым мен бюджетіме сүйене отырып кесте дайындап бер. Сонымен бірге жолда үнемдеуге көмектесетін кеңестер қос.
  • Демалысқа қашан шығуға болатынын сұрасаңыз болады. Мен [қала] демалысқа барсам деймін. Көп турист баратын кезге тап болғым келмейді. Саяхатқа шығуға ең қолайлы кезді айтып бер. Сонымен бірге күн суықтау кезде қай жерлерге баруға болатынын тізім қылып дайында. Мен [қызығушылыңызды жазыңыз. Мысалы балық аулақ дегендей] жақсы көремін. Сапар [күн саны] күн жалғасады.
  • Туристерге арналған маршрут құрып береді. Мен [мерзім] [ел] бара жатырмын. Мына жерден [қайдан шығатыныңызды жазыңыз] шығамын. Барынша [не көргіңіз келетінін тізіп шығыңыз] көрсем деймін. Қызығушылықтарымды [тізіп шығыңыз] ескере отырып оңтайлы маршрут құрып бер. [мезгіл] [қандай көлікпен шығасыз] шығамын деп отырмын. 
  • Гид қызметін көрсетді. Өзіңді туризм экспертімін деп елестет. Мен сенің клиентіңмін. [қала] жерге [ай не маусымды жазыңыз] [локацияларды тізіңіз] барғым келеді. Сапарды [күн] [қай жерден шығасыз] бастаймын да, [қала] мына жерден аяқтаймын. Осы аралықта қайда барып, не көрсем болады — тізім дайындап бер. 
  • Үй табуға көмектеседі. Мен [қала] [ай не маусым] баруды жоспарлап отырмын. Баспанаға күніне [сома] қаражатым бар. Маған осы бюджетке сай келетін қонақүйлер мен Airbnb-де жалға берілетін пәтер тізімін жасап бер.

Нейрожелілер кез келген ақпаратты қабылдап, оны өңдеуге қауқарлы. Нәтижесінде бірегей бейнероликтер мен суреттер пайда болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл жүйе кәсіби мамандарды алмастырады. Заманауи технологиялар біздің тұрмыс-тіршілігімізді жеңілдеткенімен, оның кері тұстары да жеткілікті екен. Қазір нейрондық желілер кез келген салада қолданылады. Олар біздің ұялы телефонымызға немесе мобильді қосымшаларларға жүктелген. Тіпті қала көшелеріндегі бейнебақылау камералары да адамның түрін нейрожелі арқылы тани алады. Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы ChatGPT-ге арналған контентмейкерлерге керек болатын сұраныстарды Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.

Контентмейкерлерге керек промпттар:

  • Контент-жоспар дайындайды. Өзіңді тәжірибелі контентмейкер сияқты ұста. Әлеуметтік желілерге арналған [компания, блог] атынан [тақырып] туралы жазбалар жоспарын жасап бер. 
  • Гайд жазып береді. Өзіңді аудиторияға жаңа нәрсе үйрететін мықты экспертпін деп есепте. [тапсырма] істеу үшін толық әрі түсінікті нұсқаулық жасап бер.
  • Тақырыпқа сай посттар жазады. Өзіңді креатив автормын деп ойла. [тақырып] туралы блогқа арналған жазба жазып бер. 
  • Жарнама ролигіне арналған сценарий құрады. Сен — жарнама саласындағы экспертсің. YouTube-ке арналған екі минуттық видеоға сценарий жазуың керек. [тауар, қызмет, функция] жарнамалайсың. Өнімді жақсырақ түсіну үшін кез келген сұрақ қоя бер.
  • Кейс-стади жазады. Сен — креатив агенттікте істейтін тәжірибелі мамансың. [кейстің жалпы сипаттамасы] туралы кейс-стади жазып бер. Бірінші құрылымын жаса. Тапсырма мен кейсті жақсырақ түсіну үшін сұрақ қойып отырсаң болады.
  • Мәтінді SEO-ға сай оңтайландырып береді. [тақырып] туралы ұзақтығы 90 символдан аспайтын 10 мақалаға тақырып тауып бер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы