ЗАМАНАУИ ИППОДРОМ ҚАШАН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛМЕК?

327 көрілім

Түркістан – тек рухани астана ғана емес, бүгінде қарқынды дамып келе жатқан заманауи мекен. Қала келбеті күн санап көркейіп, халыққа арналған жаңа нысандар бой көтеруде. Соның бір айғағы – Түркістанда салынып жатқан заманауи үлгідегі жаңа ипподром.

Ауқымды спорттық нысанның жалпы аумағы – 99 гектар. Бұл – еліміздегі ең ірі ат спорты кешендерінің бірі болуға лайықты жоба. Ипподром тек жарыс алаңы ғана емес, ат спортына қызығушылығы бар тұрғындар мен жастар үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы болмақ. Кешен құрамында 1500 адамға арналған ашық трибуна, 120 орындық жабық манеж, 100 жылқыға арналған атқоралар мен кең көлемді жаттығу алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар, ат спорты мектептері мен үйірмелерін дамытуға, жаңа таланттарды тәрбиелеуге негіз болады. Құрылыс жұмыстарының қарқынын бақылау мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы барып, нысан басында мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Қала басшысы кешеннің сапалы әрі уақтылы аяқталуына ерекше мән беріп, барлық жұмыстардың қазіргі заман талабына сай, ұлттық нақышпен үйлесе орындалуын тапсырды.

Қазіргі таңда нысанда негізгі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік инфрақұрылым мен трибуна іргетасы қаланып, бәйге жолының төсемелері дайындалуда. Барлық жұмыс 2026 жылдың қаңтар айына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Ипподром іске қосылғаннан кейін Түркістанда ат спортын дамытуға тың серпін беріліп, бұл нысан өңірлік ғана емес, республикалық деңгейдегі маңызды спорт орталығына айналатыны сөзсіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы