МӘМС-ТЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА УАҚЫТША МӘРТЕБЕ БЕРУ ТУРАЛЫ

600 көрілім

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет тарапынан жарна төлейтін азаматтар және осы санаттағылардың жүйедегі мәртебесі «сақтандырылмаған» жағдайда қайда жүгінулеріне болатыны жөнінде кеңесті назарға ұсынып отырмыз.
Жалпы, 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар төмендегідей:
Балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала/бала тууына, жаңа туған баланы, балаларды асырап алуға байланысты, бала/бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстағы адамдар, 18 жасқа толғанға дейін мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар, I топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар), тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II сатылардағы «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын тұлғалар, жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылады.
Бұл азаматтардың әлеуметтік жеңілдік санатқа жататындығы туралы құжаттарды бір жерге тапсырудың қажеті жоқ. Әлеуметтік мәртебе басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен қордың ақпараттық жүйесіне тікелей беріледі. Сондықтан жеңілдік санаттағы азамат МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады. Айта кетерлігі, егер ресми жұмыссыз азамат жұмысқа орналасса, азаматтың әлеуметтік мәртебесі автоматты түрде жалдамалы қызметкерге ауысады. Жалдамалы жұмысшы үшін жарнаны жұмыс беруші төлеуге міндетті.
Сондай-ақ, егер ол ЖК ашса немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлей бастаса, мемлекет ол үшін жарна төлеуді тоқтатады. ЖОО студенттер туралы деректерді азаматтардың жеңілдікті санатына енгізу үшін Білім және ғылым министрлігіне, содан кейін ақпараттық жүйелерді ӘМСҚ-ға интеграциялау арқылы береді. Егер студент тізімге енгізілмесе және МӘМС жүйесіндегі мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, оның себебін анықтау үшін өзі оқитын ЖОО-ның деканатына жүгінуі қажет. Не болмаса мына сілтемеге кіріп https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/6-51pass_mon анықтауына болады.
Егер 15 жеңілдік санаттың біріне кіретін азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, себебін анықтау үшін қорының бірыңғай байланыс орталығының 1406 номеріне хабарласуына болады. Не боламаса Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы азаматтардың әлеуметтік жеңілдік санатқа жататындығы туралы құжаттарды жолдаулары қажет. Сонымен қатар, қордың өңіріңіздегі филиалына жүгінуге болады.
Еске сала кетерлігі, азамат сақтандырылмаған болса да мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығы бар. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.

Ү.НҰРМАН,
ҚР ДСМ «РЭДСО» ШЖҚ РМК ТОФ
Денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттандыру бөлімі медициналық ақпаратты өңдеу секторынын жетекші маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы