Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 28 сәуірдегі №281 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылдың 7 тамыздағы №591бұйрығымен бекітілген медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көмегі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережелеріне сәйкес 15 қыркүйекпен 15 қараша аралығында ел тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек (Бұдан әрі – БМСК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына өз таңдаулары бойынша тіркелуге мүмкіндік беріледі. Тіркелу науқаны медициналық көмектің кепілдендірілген көмегі шеңберінде және медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге өтініш білдірген денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер базасында тіркелген, денсаулық сақтау ұйымдарының арасында ғана жүзеге асырылады.
Азаматтарды БМСК ұйымдарына бекіту олардың сұранысы бойынша «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы және «Бекітілген халық тіркелімі» порталына 9 санат бойынша қабылдау жазбаша жүзеге асады. Тіркеу кезінде отбасыларға қызмет ету қағидасына балалар да, ата-аналарда бір клиникада қызмет көрсететін кезде басымдық беріліп, 18 жасқа толмаған баланы заңды өкілдерін бекітуге құқылы. 2021 жылға арналған еркін бекітілу науқаны бойынша жаңадан халықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 5-медициналық ұйым қосылды.
Жаңадан қосылған медициналық ұйымдарға қыркүйек айында «Бекітілген халық тіркелімі» порталы бойынша оқыту іс шаралары жүргізілді. Оқыту кезінде порталмен еркін бекітілу науқаны кезінде қалай жұмыс істеу керектігі және қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді. Түркістан облысы бойынша комиссия мүшелерінің шешімімен 1 медициналық ұйым тиісті нәтижені көрсетпей, еркін бекітілу науқанынан шеттетілді. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша таңдалған жаңа клиникада медициналық көмекке жүгіну 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүмкін болады. Осы жылдың соңына дейін азаматтар бұрыңғы БМСК ұйымында қызмет ала алады. Ағымдағы жылы тұрғылықты жері 1 айдан астам уақытқа өзгертілген жағдайда клиниканы өзгертуге болады.
Ұ.ОҢАЛБАЕВА,
ҚР ДСМ «РЭДСО» ШЖҚ РМК ТОФ Денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттандыру бөлімі ақпараттандыру секторының маманы.
