- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгінгі күнге жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакцинация ең маңызды және тиімді шара болып табылады.Вакцинаның көмегімен жұқпалы аурулардың берілуін шектеп,мүгедектік пен өлім жағдайының алдын алуға болады.Науқас адамды емдегенше сырқаттың алдын алудың дұрыстығы барлығына белгілі.Дамыған елдерде балаларда екпенің болмауын ананың бала денсаулығына салғырт қарауы деп саналады.Бізде ата-аналар балаларына ектіруден қорқа бастады,тіпті кейбір жанұяларда баланы еккізбеу әдетке айналды.Егуден бас тартулардың көбісі бұқаралық ақпарат құралдарында тілшілермен негізсіз таратылған екпе туралы жағымсыз мәліметтермен байланысты.Жиі екпеден бас тартудың нәтижесінде вакцинамен реттелетін жұқпалы аурулар жоғарылауда.Кез келген екпе сырқаттанғанға қарағанда 100 есе қауіпсіз!Сондай-ақ жеке егілумен қатар топтық иммунитет маңызды,яғни белгілі бір аумақта қандай да бір аурушаңдыққа қарсы көп адам егілмесе эпидемияның пайда болуы мен сырқаттану қауіпі жоғарылайды.Бірқатар ата-аналар балаға дұрыс күтім жасап,науқас баладан алшақтатса,жақсы тамақтандырса,денені шынықтырса екпе қажет емес деп санайды.Алайда бұл жұқпалы аурулардан сақтануға кепілдік бере алмайды.40-45 жыл бұрын полиомиелит ауруы миллиондаған ата-ананы және тәжірибелі дәрігерлерді қорқынышта ұстады,өйткені жыл сайын 100 мыңдаған баланы мүгедекке айналдырды. Ең қауіпті қызылша жұқпасына қарсы күресте ғалымдар тағы да бір жеңіске қол жеткізді.Кейбір кезде сырқаттанушылық көрсеткіші туу көрсеткішіне сәйкес келген болатын,яғни қанша бала туылса соның барлығы қызылшамен сырқаттанатын. Қызылшаға қарсы иммундау жүргізу балаларды қызылшаның асқынуларымен мүгедектіктен қорғады.Бауыр обырының алдын алу үшін вирустық «В» гепетитіне қарсы жоспарлы иммундау енгізілгеннен кейін жоғары жетістікке қол жеткізілді.Біздің елімізде ҚР Ұлттық күнтізбесіне сәйкес 21 жұқпаға қарсы ақысыз түрде иммундау жүргізіледі.Сапасы кепілдендірілген,Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен сертификатталған вакциналар сатылып алынады.Балалар мен ересектерге ҚР Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша «А» вирусты гепатиті,тұмау,іш сүзегі,күйдіргі,туляремия,құтыру ауруларына қарсы иммундау жүргізіледі.Тұрақты иммундауға қолданылатын барлық вакциналар жұқпалы сырқаттанушылықтардың алдын алу үшін өте тиімді.Иммунитеттің дамуын жоғарылату үшін көбінесе екі,үш қайтара егу қажет.Толық иммунитет 95% тұрғын иммундаумен қамтылғанда ғана пайда болады.Әрбір бала иммундаумен қамтылуы тиіс. Қалып қойған вакцинацияны балаларыңызға ектіруге шақырамыз .Мұқият ойланыңыз! Егуден бас тартқан жағдайда егілмеген баланы қаншама қатер қауып күтіп турғанын,оған тек ата-ана жауапты екенін умытпаңыздар.
Жұқпалы ауруларынан сақтаудың ең сенімді кепілі ол- ВАКЦИНАЦИЯ.
Туркістан қалалық емханасының иммунологияға жауапты педиатры: С.Тахиржанова