Құрметті мейірбикелер!
Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі –мейірбике. Медбикелер күнін белгілеу туралы мәселе алғаш рет 1953 жылы жаһандық деңгейде көтерілген. Тек 12 жыл өткен соң дүниежүзі бойынша медбикелер күні ресми түрде бекітілді. 1974 жылы медбикелердің Халықаралық кеңесі аталған мерекені мамырдың 12-сі күні тойлауды ұсынды. Себебі, дәл осы күні медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі Флоренс Найтингейл өмірге келген. Ол XX ғасырдың басында Англияның медицинасын түбегейлі өзгертіп, медбикелер қызметінің ашылуына себеп болған.

Бүгінгі мейірбике тек қана дәрігер бұйрығын орындаушы ғана емес, ол ойшыл, үнемі ізденісте жүретін шығармашыл тұлға. Мейірбике – мейірбике ісі философиясын бөлісетін, мейірбике ісін жүргізуге құқығы және кәсіби білімі бар маман. Мейірбике – денсаулық сақтау саласының негізгі қозғалтқыш күші. Сондықтан, науқастарға психологиялық тұрғыдан демеушілік көрсетіп, мейірімділік танытып жүрген ақ халатты абзал жандардың жан-жақтылығы бүгінгі уақыт талабы. Мейірбике өз қызметі барысында ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік, оқытушылық міндеттер сияқты қағидаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.
Олай болса, денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гипократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүрген баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерге отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілек білдіргім келеді.
Байтелиева Б.А,
Түркістан қалалық емханасы №3 ОДО аға мейірбикесі