«ЕНДІ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ЭЕКТРОНДЫ ПЛАТФОРМА АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ»

842 көрілім

Бүгін облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бауыржан Қалданов және «Ырыс» микроқаржы ұйымының басқарма төрағасының орынбасары Берік Бекбенбетов БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асуына арналған жиында былтырғы жылы аталған жобаның сәтті жүргізгілгені атап өтілді. Сонымен қатар, биылғы жылы ұлттық жоба аясында өңірде ауылшаруашылық саласын өркендету жолдары сөз болды.
Бауыржан Қалданов айтуынша, 2023 жылы Республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, негізгі бағытты қаржыландыруға басымдылық беріліп, 3 256 жоба қаржыландырылған. Ал жобаға 16 ауданнан 64 ауылдық округқамтылған. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орындары құрылып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 85 отбасынан 340 адамға қысқартылған. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін осы жобалар есебінен 30,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілгенін де атап өтті.

  • «Ауыл аманаты» бағдарламасына ағымдағы жылы өңірімізге республикалық бюджеттен 10,6 млрд. теңге қаражат бағытталып отыр.
    Жобаға 62 ауылдық округтері және 62 кооператив қатысады. 6 бағытта қаржыландырылады.
    Өсімдік шаруашылығы: болжамды қаржы 300 жоба 2,3 млрд.тг (21.6%) 450 жұмыс орны
    Мал шаруашылығы: болжамды қаржы 272 жоба 2,1 млрд.тг (19.6%) 272 жұмыс орны
    Құс шаруашылығы: болжамды қаржы 170 жоба 1,3 млрд.тг (12.2%) 170 жұмыс орны
    Балық шаруашылығы: болжамды қаржы 111 жоба 0,8 млрд.тг (8%) 111 жұмыс орны
    Кооперативтерді жабдықтау: болжамды қаржы 62 жоба 1,8 млрд.тг (17%) 248 жұмыс орны
    Өз кәсібін ашу: болжамды қаржы 300 жоба 2,3 млрд.тг (21,6%) 450 жұмыс орны
    Жалпы жобаны іске асыру нәтижесінде:
  • 1 215 жобаға қолдау көрсетіліп 1 701 жұмыс орны құрылады;
  • АӘК алушылар саны 90 отбасы немесе 360 адамға қысқарады;
  • орташа жалақы 125 % ұлғайту көзделуде. Несиелендіру жұмыстары қаржыландыру жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айынан басталады. Бүгінгі күнге Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Түркістан облысының әкімдігімен 3-жақты келісім шарт түзілуде, – дейді Бауыржан Аманұлы.
    Ал «Ырыс» микроқаржы ұйымының басқарма төрағасының орынбасары Берик Асқанбайұлы аталған бағдарламаның арнайы электронды платформа арқылы жүзеге асатынына тоқталды. Айтуынша, ағымдағы жылы бағдарлама электронды платформа арқылы жүзеге асып, «Ауыл Аманаты» электронды жүйесі Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне шағын бюджеттік кредиттер беру процестерін оңтайландырмақ. Оның негізгі мақсаты несиелік өтінімдерді беру, қарау және басқару үшін тиімді, ашық және автоматтандырылған тәсілге көшу екенін ескертті.
    Брифинг соңында спикерлер тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы