АУЫЛ, АУДАН ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ – ӨҢІР ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТТЫ

392 көрілім

Осыдан 3 жарым жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау жүйесін толығымен зерделеп шығу қажеттігін, бұл бастаманы кейінге қалдыруға болмайтынын айтқан. “Жалпы, алдағы саяси реформалар халықтың басқару жүйесіне белсене араласуына бағытталуы тиіс. Қазіргі сауалнамалар көрсетіп отырғандай, қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды”, – деген болатын Президент парламент палаталарының бірлесекен отырысында. Содан бергі кезеңде елімізде көптеген  ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп, жергілікті халықтың науқанға жауапкершілікпен қарауына септігін тигізді.   

Сайлауда жетекші партияның рөлі зор

Осылайша ауыл әкімдерін сайлау Президент жариялаған саяси реформалардың сәтті жүзеге асып жатқанын дәлелдеді.  Елдегі демократияның жарқын көрінісі деп бағаланған бұл сайлаудың   басты ерекшелігі – халық – сайланған әкімнің жұмысынан нақты нәтижені жылдам көре алады. Демократиялық аспектінің ең бастысы-өзін-өзі ұсыну механизмі енгізілді. Яғни, саяси партиялардан басқа, адамдар өз кандидатураларын ұсына алады. Дегенмен бұл сайлауда да жетекші партияның рөлі басым екенін көріп отырмыз. «AMANAT» партиясы қашанда бәсеке мықтылығын көрсетуде.  Саяси үдерістерге «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен мәслихаттағы фракциясы да өз үлестерін қосып келеді.

Облыста алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау басталған 2021 жылы 68 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. Сайланған әкімнің 66-сы, яғни 97,1 пайызы «AMANAT» партиясының мүшесі болды. Ал, 2022 жылы 30 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтіп,  сайланған 30 әкімнің 27-сі  жетекші партияның үлесінде. 2023 жылы 46 ауылдық округ әкімі  сайланды. Биыл 27 ауыл округі әкімінің сайлауы өтеді деп жоспарланса, қазіргі таңда оның 17-і болып, сайаланған 16 ауыл округі әкімі  «AMANAT» партиясынан өтті. Таяу күндері Жетісай және Шардара аудандарында ауыл әкімдерінің кезекті сайлауы өтпек.

Елімізде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы тұңғыш рет пилоттық режимде 2023 жылдың 5 қарашасында өтті. Ал, 2025 жылдан бастап жаппай өткізіле бастайды. Аудан әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін өзі басқару жүйесінің ма­ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан аудан әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды.

Түркістан облысында Мақтаарал, Бәйдібек, Шардара және Созақ халқы өз әкімдерін өздері сайлап алды. Халықтың билікке араласу үлесін молайтатын бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Депутаттарға талап күшейген

Қазір халықтың саяси белсенділігі жоғары. Сонымен қатар, депутаттарға да талап күшейген. Түркістан облысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының мандат саны – 338 болса, «AMANAT» партиясынан – 271 (80,2%), «Ауыл» партиясынан – 20 (5,3%), «Ақжол» партиясынан – 17 (3,8%), «Қазақстанның халық партиясынан» – 1 (0,3%), «Республика» партиясынан – 4 (1,2%), «Байтақ» партиясынан – 1 (0,3%) депутат. Партиясыздар өздерін өздері ұсынып мандатқа ие болғандардыңм саны  – 24 (11 пайызды құрайды). 

Ал, облыстық мәслихаттағы 46 депутаттың 34-і «AMANAT» партиясының мандат иелері. Қорыта айтқанда, кейінгі бірнеше жылда еліміздегі саяси ахуал айтар­лықтай өзгергені түсінікті. Бұл сөзі­мізге осы ба­ғытта атқарылып жат­қан жұмыстар дәлел.

2024 жылы облыстық партия филиалы мәслихаттағы депутаттық фракциясының 3, оның 2-еуі Сауран, Сарыағаш аудандарында көшпелі  отырысы өткізілді. Күн тәртібінде облыстың ең өзекті мәселелері қаралды. Сауран ауданында заңсыз орналасқан карьерлердің мәселесі, «Арыс –Түркістан» каналынан алынатын ағын су бағасының қымбаттауына байланысты шаруалардың шағымдарын талқылау, Түркістан облысында су тасқынын алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен бірге,  «Жер аманаты» партиялық жобасы бойынша Сауран ауданында жайылым жердің қайтарылуын қарау туралы, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандарында су тасқынының алдын алу және «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының жүзеге асырылуы мен ауқымын кеңейту, «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының жүзеге асырылуы мен ауқымын кеңейту мәселелері туралы ұсыныстар берілді.

          «Салық, бюджет, су, құрылыс кодекстерін» одан бөлек мемлекеттік сатып алу сияқты маңызды заң жобаларын талқылау және заң жобасына ұсыныстар беру туралы Сауран, Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал, Келес аудан әкімдерінің есебі тыңдалды. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламаның жол картасының іске асырылу барысы туралы Облыстық ауыл шаруашылығы, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жер ресурстарын басқару департаменті, Жер қатынастары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының есептері тыңдалып, мәжіліс қорытындысы бойынша фракция мүшелері тарапынан басқарма басшыларына бірқатар ұсыныстар берілді. Бүгінгі таңға берілген ұсыныстардың шешімі табылып, қалған ұсыныстардың шешілуі бақылауда тұр. 

Өңірде халықтың саяси белсенділігін жоғарылату, мәслихаттардың рөлін күшейту, жанашыр азаматтарды билікке араластыру, әкім сайлауларын әділ, әрі талапқа сай өткізу жұмыстары жалғаса береді.

Бір анығы, қоғамда демократияландыру үрдісі байқалып келеді. Енді бүкіл қоғамның алдында мемлекетті дамыту, елдің әл-ауқатын көтеру, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, ұлттық мәдениетімізді дәріптеу арқылы тегеурінді идеология қалыптастыру сынды бірлесіп атқаратын ауқымды міндеттер де тұр. Халықтың бірлігі бекем болса, біз бұл міндеттердің барлығының үдесінен шығамыз.

Нұрлан Мейірқұлов,

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы

 Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы