Ендігүл Назарова ғылым жолында жүріп-ақ 20 жылдан аса қосымша бизнестер жасап, өте үлкен жетістіктерге жетіп, 40-тан аса шетелдерде жолдасымен бірге саяхаттап, халықаралық жоғарғы статустардан көріне білді. Соңғы 4-5 жылдай «ЭНЕРГИЯ» мектебін ашып, 200-ге жуық энергопрактик мамандар дайындаумен де айналысты.
«Доцент, ұстаз, психолог ретінде кәсіптікті ұштастырып қатар алып жүруіңіздің сыры, себебі неде және ниет қандай болу керек?» деген сұрақпен сұхбаттасқан болатынбыз.
«Ниет дұрыс болса, несібеге де, ризыққа да қол жеткізуге болады. Әрине, жетістікке, ризыққа қол жеткізу үшін тек Алладан тілемей адамның өзі әрекет етіп, ұмтылыс жасауы керек. Тіптен тәуекелшіл немесе дер кезінде жоспарларын жасап, шешім қабылдаған да дұрыс. Адам таза жолмен жақсы жағдайға жету үшін адал болып, тәкәппарлықтан, менмендіктен алшақ болуы қажет. Адам мінезін, санасы мен ойын дұрыстаса, өсек-аяңнан, өкпе-наздан аулақ болса соншалықты жақсы жетістікке тез жетеді. Құнығу, көзтоймаушылық деген адамның соры» – деді Назарова Ендігүл.
Иә, қазақ даналығында «адам ұрпағымен мың жасайды», – деп жатады. Сол айтқандай, ұлттық құндылықпен сусындап өскен Ендігүл Көшерқызы ғылым жолын, отбасы және адами құндылықтарды, қоғамдық өмірдегі тәрбиелік мәні бар рухани істерге де атсалысып, адамдық түйсікке қатысты тақырыптар бойынша кәсіптегі адалдық, стресс, депрессия, психология бағытында дәрістер өткізіп, сан-саланы ұштастыра білген ұлағатты ұстаз, мықты ғалым. Өмірлік қосағы Марат Базарбайұлы екеуі дүниеге 3 қыз, 2 ұлды әкелді. Саналы ұрпақ өсіруді мақсат етіп, оларды білімге құштар етті және өнегелі тәрбиесін берді. Назаровтар бүгінде перзенттерінен сүйкімді немерелер сүйіп отырған бақытты отбасы. Өздері имандылық, руханият жолын ұстын етіп, мұсылманның бес парызының бірі Меккеде қажылық сапарын өтеп келген.
Қарт Қаратаудың етегіндегі Сауран ауданына қарасты Абай ауылында дүниеге келген жолдасы Марат Назаров 1980 жылдары ұлтымыздың мақтанышына айналған, сол тұста республиканы басқарған Дінмұхаммед Қонаевтың күзетінде көптеген жыл қызмет етсе, одан кейін кеден, сот саласында судья болып жұмыс атқарған. Артынан кәсіпкерлік жолға түсіп, бүгінде адал еңбекпен жақсы жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдеп, көпке өнеге болып жүрген азамат.
Ендігүл ұстазымыздың өмір-баянын айтар болсақ 1964 жылы 13-маусымда Өзбекстандағы Жыззақ облысы Фариш ауданына қарасты Шымқорған селосында дүниеге келген. 1971-1981 жылдар аралығында Амангелді елді-мекенінде Әлия Молдағұлова атындагы орта мектепті бітірген. 1981-1985 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының физика-математика факультетінде оқыды. 2000-шы жылдың қазан айынан бастап Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институтының философия және саясаттану кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі болып істеді. Жалпы 35 ғылыми еңбектері, 10-нан аса оқу құралы мен күндізгі және сырттай оқитын студенттерге арналған бірнеше әдістемелік нұсқаулары мен 21 мақаласы жарық көрді. Сондай-ак, кафедраның негізгі пәндерінен лек-ция, семинар сабақтарын жоғары деңгейде жүргізумен қатар, аспи-ранттар мен магистранттардың ғы-лыми тақырыптарына жетекшілік етті. 2001 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңдегі гендерлік саясатының қалыптасуы» атты тақырыпта докторлық жұмы-сын жазумен айналысты. 2008 Пси-хоанализ бағыты бойынша түйсікті дамытудың жолдарын зерттеп, әлеуметтік желілер арқылы әсipece инстаграм парақшасына 28000-нан аса адам жинап, тікелей эфирде тоқтаусыз сабақ жүргізіп келеді.
2012 жылы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Психология бакалавры дипломын алып, психолог ретінде өз бетімен стресс, депрессия тақырыптарына қатысты мәселелерді жан-жақты зерттеді. 2013 жылы «Өз тағдырың – өз қолыңда» атты кітапшасы арқылы көпшілікке танымал психолог ретінде кеңестер жүргізіп, қиналған адамдарға аянбай тегін кеңестер өткізіп, нақты нәтижелерге қол жеткізуде. Ал, 2023 жылы Ахметова Ардақпен бірге жазған «Жетістіктің жемісі» атты кітабы жарық көріп, өз өмірін өзгерткісі келетіндердің разылығына бөленуде. Сондай-ақ, 2023 жылы «Қазақ қоғамының қайраткері» ұйымының комиссия шешімімен «Қоғам қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. Тек білім көтеріп қана қоймай, өмірге қажетті мамандықтың бірі ретінде 68 рет психологиялық семинарларға, сондай-ақ қаржылық сауатты көтеру мақсатында шетелдегі 457 рет халықаралық конференцияларына қатысты. Өзі ғылым жолында жүріп-ақ 20 жылдан аса қосымша бизнестер жасап, өте үлкен жетістіктерге жетіп, 40-тан аса шетелдерде жолдасымен бірге (АҚШ-та 3 рет, Англияда-3 рет, Италияда 2 рет, Венгрияда-5 рет, Гон-Конгта, Сингапурда, Болгарияда-1-1 реттен, ал Ресейде 400-ден аса… т.б. елдерде) саяхаттап, халықаралық жоғарғы статустардан көріне білді. Соңғы 4-5 жылдай «ЭНЕРГИЯ» мектебін ашып, 200-ге жуық энергопрактик мамандар дайындаумен де айналысты. Әрдайым талаптана білген адам қашанда өз мақсатына жете алатынын тек сөз жүзінде емес, іспен дәлелдей алды. Соның дәлелі ретінде, 2022 жылдың 12-ші мамырында TALIM TV-дағы «Сырласайық» қыз-келіншектер бағдарламасында «Ризық қайдан келеді?» атты тақырыпта бизнес кеңесші ретінде сұқбатқа (интервьюге) қатысып, тікелей эфирдегі сұрақтарға жауап берді.
Құрметті Назарова (Найзағараева) Ендігүл Көшерқызы! Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен құттықтаймын. Терең білім, берік ұстаным, ұстаздық қасиет, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттеріңіз арқылы жетістіктің жемісі сізді «Қоғам қайраткері» етті. Сізді өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, жалпы азаматтарға психологиялық тұрғыда да бағыт-бағдар, жол көрсетуде Қазақстан қоғамының тамыршысы ретінде де зиялы қауым өкілдері өте жақсы біледі. Жүректен жүрекке жететін шынайы һәм жанашырлық, қамқорлықпен айтылатын ақыл-кеңестеріңізді қазақ қоғамының өкілдері үлкен толғаныспен дұрыс қабылдайды. Сол арқылы дұрыс жол таңдап, шешім қабылдап жетістікке жетіп жатқандары сізге алғысын жаудырып, өмір жасыңыз ұзақ болуына тілектестігін білдіреді.
Тельман БЕЙСЕН.