ТҮРКІСТАНДА «МАҚТААРАЛ И К» ӨК ТҰТЫНУШЫЛАРЫ ҮШІН СУ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

1  279 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне «Мақтаарал и К» ӨК-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімі келіп түсті, мәлімделген тариф жобасы – 101,58 тенге/м3.

Сонымен қатар, жобаны қарау кезінде Департамент «Мақтаарал и К» ӨК-нің 2023 жылға бекітілген тарифтік сметасын орындау бойынша суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы негізінде «Мақтаарал и К» ӨК-нің жоғарыда көрсетілген қызметі бойынша 2023 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы 253 580 теңгені құрады.

Осыған байланысты, Департаменттің бұйрығымен «Мақтаарал и К» ӨК-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне бір жылға уақытша өтемдік тарифі енгізілді, 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2024 жылға арналған сумен жабдықтау жөніндегі қызметке орташа босату тарифі – 85,30 тенге/м3 (ҚҚС-сыз), жобадан 16,28 теңгеге немесе 16,03% – ға (ҚҚС-сыз) төмендеді.

2025 жылға арналған сумен жабдықтау жөніндегі қызметіне орташа босату тарифі тариф жобасынан 15,74 теңгеге немесе 15,50% – ға (ҚҚС-сыз) төмендей отырып, 85,84 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы