Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Түркістан қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің «Жылу» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметаның бекітуге арналған өтінімі келіп түсті, мәлімделген тариф жобасы – 6 256,50 теңге/Гкал.
Сонымен қатар, жобаны қарау кезінде Департамент Түркістан қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің «Жылу» МКК-ның 2022 жылға бекітілген тарифтік сметасын орындау бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне талдау жүргізді.
Талдау қорытындысы негізінде Түркістан қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің «Жылу» МКК-ның осы реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2022 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы 28 409 520 теңгені құрады.
Осыған байланысты, Департаменттің бұйрығымен Түркістан қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің «Жылу» МКК-ға жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне уақытша өтемдік тарифі енгізілді, 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылғы 31 мамырға дейін 2024 жылға арналған жылумен жабдықтау жөніндегі қызметке орташа босату тарифі – 4 524,04 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз), жобадан 1732,46 теңгеге немесе 27,69% – ға (ҚҚС-сыз) төмендеді.
2025 жылға арналған жылумен жабдықтау жөніндегі қызметке орташа босату тарифі тариф жобасынан 1300,03 теңгеге немесе 20,78% – ға (ҚҚС-сыз) төмендей отырып, 4 956,47 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) құрады.