ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТІГІН ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

273 көрілім

Тігіншілік – үлкен өнер. Тігін өнеркәсібі кәсіпорындары мен тұрмыс пен қызметтер саласындағы кәсіпорындардың басты міндеттерінің бірі еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Себебі, мұндай атадан қалған асыл қасиет кез-келген жанға бақ болып қона бермейтіні анық. Соңғы жылдары тігінішілікке бет бұрған қыз келіншектеріміздің қатары көбейіп келеді. Болмысы нәзік, қажырлы да қайратты, өз ісіне мығым қазақтың қара көз қыз-келіншектерінің қоғам үшін алар орны ерекше. Тіпті, ойланып қарасақ адам өмірінде мамандық көп. Олар фермер, дәрігер, мұғалім, инженер, осылайша тізе беруге болады. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тігін цехы іске қосылды. Шағын кәсіпорын көрпе-жастықтан бастап, медициналық киімдер, шапан және қыз жасауын тігеді. Онда 7 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Цехтың ашылу салтанатында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев пен облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Сылқымбек Спабеков құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерге сәттілік тіледі. Бұл Бәйдібек ауданында тігін ісі бойынша жалғыз өндіріс орны. Кәсіп иесі Элеонора Ағабекқызы конақтарды цехтың жұмысымен таныстырды.

«Тігінші – матаны кесіп, бөліктерін аяқталған үлгіге қосатын адам. Тігін дегеніміз – тұнып тұрған математика. Себебі, дәлдік, есеп, теңдік керек. Жұмыстың ең қиыны – бастап кету. Қағаз бетіне салған суретті дәл сол күйінде, әдемі етіп шығару үшін де көп уақыт қажет. Өнерге сүйіспеншілігім ерекше болды. Сол үшін қазір де киім тігіп, құрақ құраудан алыстамадым. Тігіншінің бойында әртүрлі қасиет болуы қажет, негізгісі – табандылық. Өйткені, шеберлік бірден пайда болмайды. Ол қиын жұмыс арқылы ғана келеді. Сонымен қатар, адамдарға сұлулық сыйлайтындықтан, көркемдік қабілеті жоғары болуы керек. Тігінші қолының қозғалысы жылдар бойы қалыптасады. Кез келген басқа мамандық сияқты, бұл мамандықтың да артықшылығы мен кемшілігі бар. Көз және омыртқа аурулары тігіншілерде жиі кездеседі. Артықшылығы – өзіңізді және бүкіл отбасыңызды киіммен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Сонымен қатар, оқу да аса қиын емес. Анық қол координациясы және нақты көре білу – тігін-шінің маңызды қасиеттері. Бұл мамандықтың өкілі епті, ұқыпты, қажырлы, шыдамды болуы керек. Онсыз жақсы дүние тіге алмайсыз. Ал біркелкі емес тігіс немесе дұрыс емес өлшем клиентті ренжітеді. Қандай жағдай болсын, клиенттің көңілінен шыға білу керек. Қазіргі уақытта тігін-шілерге жұмыс табу оңай болғандықтан, әрбір қолөнер шебері өзіне ұнайтын нәрсені таңдай алады. Біреу ауқымды өндірісте жұмыс істеуді армандаса, енді біреу күнделікті жұмысты қолай көреді. Тағы бірі өз бетінше немесе біреумен бірге жұмыс істеу мүмкіндігі бар шағын ательені ұнатады. Ал біреу жеке кәсіпкер болып, бір бөлмеде тігін шеберханасын жабдықтап, үйде отырып жұмыс істегісі келеді. Көріп отырғаныңыздай, бұл мамандық кез келген әйелге жарамды, өйткені оның көптеген түрі бар», – дейді кәсіпкер. 

Ол «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз 5 млн. теңге грантты жеңіп алған. Алдағы уақытта қой жүнін өңдеп кәдеге жаратуды көздеп отыр. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындарына тігін өнеркәсібінің әдіс-тәсілдері туралы аз-кем ақпаратты ұсынамыз.

Ерлер, әйелдер мен балалар киімдерін дайындау бойынша машина жұмыстарын орындау кезінде келесідей техникалық шарттарды сақтау қажет. 1. Барлық ішкі тігімдерді сырт материалдың түсіне сәйкес орындау қажет. 2. Жіп, машина инелерінің нөмірлері және тігім инешаншымдарының жиілігі мата қалыңдығына және стандарт бойынша орындалатын операцияның сипаттамасына сәйкес келуі тиіс. Жіпті тігістерден басқа ультрадыбыспен және жоғары жиілікті токпен орындалатын дәнекерлеу тігістері қолданылады. Бұл тігістердің сапасы техникалық құжаттамада көрсетілетңн нақты операцияларды орындауға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс. 3. Жүн және жібек маталардан бұйым дайындау кезінде барлық сыртқы ашық тігімдер, сондай-ақ ілгектер мен бекітпелер жібек не синтетикалық жіптермен орындалады. Лавсанды зығыр матадан бұйым тіккен кезде № 50 мақта-мата жіптерін қолданады. Жекелеген тігімдердегі жіп түсі модельде қарастырылады. 4. Жекелеген тігімдердің үстіңгі жіп ұштарын ішке қарай шығарады да түйіншектейді не 3…4 қол инешаншымдарымен түйеді. 5. Сырып тігу машинасында орындалатын барлық ішкі тігімдердің ұштарын (бүйір, иық қиықтарын, жең бөлшектерін сырып тіккен кезде) ұзындығы 0,7…1 см кері қосарлы тігіммен бекітеді; арнайы машиналарда жұмыс жасаған кезде кері тігімнің ұзындығы 1,5…2 см болады. 6. Тігімдерді тұйық сызықтар бойымен салу (мысалы, жеңдерді қондырып тігу, бұйым етегін бүгіп тігу) кезінде тігіс шеттеріндегі тігімдер бір-біріне кем дегенде 1,5…2 см кіріп тұруы тиіс. 7. Тігіс параметрлері мен олардың қолданылуы тігістерге қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс. 8. Бөлшектерді сырып тігу, тігістерді жапсыра тігу, әрлегіш тігімдерді салу бағыттаушы сызғыштар арқылы орындалады. Пішінді әрлегіш тігімдерге арналған сызықтарды лекало бойымен белгілейді. 9. Бірі түзу қиықтан, ал екіншісі қиғаш қиықтан тұратын екі бөлшекті біріктірген кезде, қиғаш қиықты бөлшек астынан, түзу қиықты бөлшек үстінен қойылады. 10. Әртүрлі қалыңдықтағы маталардан екі бөлшекті біріктірген кезде астына қалың мата бөлшегін қою қажет. 11. Бірінің қондырмасы бар екі бөлшекті біріктірген кезде, қондырылуы тиіс бөлшекті астына қою қажет. 12. Ашық тігістердің барлық қиықтары өңделуі тиіс. Ашық тігістті бөлшектердің қиықтарын мақта-мата, синтетикалық жіптермен не иірімжіптермен жиектейді; оларды бүктемелі не қосарлы тігіспен өңдейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда халыққа арналған тауарлар дайындайтын салалардың арасында жаңа ұйымдық құрылымдар: концерндер, қауымдастықтар, акционерлік қоғамдар және т.б. құрамына қосылған кәсіпорындарда әртүрлі киім өндіретін тігін өнеркәсібі жетекші орынға ие. Киім дайындау – күрделі процесс. Бұйым сапасы мамандар мен жұмысшылардың біліктілігіне байланысты. Жаппай өндіріс киімдерін шығаратын кәсіпорындар техниканың, технологияның және өндірісті ұйымдастырудың жоғары деңгейімен сипатталады, бұл осы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге ерекше талаптар қояды. Шығармашыл әрі жоғары нәтижемен еңбек етуге қабілетті, жаңа техниканы пайдалануға епті жоғары білікті кадрларға деген қажеттілік тез өсуде. Бүгінгі таңда өндіріс практикалық және теориялық жағынан жақсы дайындалған, жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша терең білімі бар, техникалық мәдениеті жоғары мамандарға айтарлықтай деңгейде мұқтаж. Тігін өндірісінің технологиясы механикаландырылған өндіріске айналып бара жатыр. Оның тиімділігі арнайы машиналар мен жабдықтарды қолданумен байланысты. Өндірістің ұйымдық нысандары өзгереді, кәсіпорындарды, әсіресе модельдер әзірлеу, өндірісті дайындау, киім пішу, тігу кезінде және әрлеу операцияларында автоматтандыру деңгейі артады. Киім пішу өндірісінде қазірдің өзінде, жеке тапсырыс бойынша киім дайындау кезіндегі сияқты, материалды төсеммен пішуден жеке пішуге көшу байқалуда. Төсемде пішудің тартымды баламасы ретінде материалды жоғары жылдамдықпен жеке пішудің мәні айтарлықтай өсіп келеді. Жылдам пішуге арналған қондырғыларды қолдану, материалдың екінші немесе тіпті үшінші қабатын төсеуге қарағанда, ұтымдырақ болады. Жаймаларды төсеуге және бөлшектерді ажыратуға қажетті уақыт пішу уақытына тең болады. Арнайы тігін машиналарының, жартылай тігін автоматтарының, тігін қондырғыларының және кешенді жұмыс орындарының қолданыста болуымен қатар, компьютерлермен басқарылатын технологиялық модульдер деп аталатын модульдер пайда болады. Технологиялық модульдердің әрекет ету принципінің мәнісі – жұмыс операциялары өңдеу процесінің басында дайындаманы қысқыш қимаүлгілермен бір рет тіркей отырып, бірыңғай технологиялық циклде бірнеше тігін қондырғыларында орындалады. Дайын өнімді ылғалды жылумен өңдеу цехтарында автоматтандырылған желілер бар. Көлік жүйелері мен бағдарламалаушы цифрлық компьютерлер ылғалды жылумен өңдеу жұмыстарына арналған жабдықтар тізбегін бірыңғай кешенге біріктіреді. Арнайы көтергіш ілгіште ілініп тұрған бұйымды іліп алып, оны автоматты түрде бір жұмыс орнынан екіншісіне береді. Қазіргі заманғы өндіріске компьютерлік техниканы меңгерген мамандар қажет, өйткені өндірістің көптеген сатылары аталмыш техникамен едәуір деңгейде жабдықталады. Киім адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, суық, ылғал, шаң-тозаң және т.б.) қорғайтын құрал ретінде пайдаланылады. Қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, мал тектес және жасанды материалдардан тігіліп, адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын, ағзаның қалыпты жағдайын сақтайтын және сонымен қатар, оған көрік беретін әр түрлі заттарды айтады. Киім адамзаттың материалдық мәдениетінің элементтерінің бірі болып табылады. Адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеңінде тігін бұйымдары өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика дамуының, сондай-ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін, халық тұрмысының, көркемдік талап-талғамы мен салт-дәстүрлерінің талаптарын бейнелейді. Қазіргі әлемде киімнен белгілі бір дәрежеде адамның дербестігі көрініс табады. Киім сапасын жақсарту – тігін өнеркәсібі мен тұрмыс және қызметтер саласындағы кішіні тігін салалары жұмысшыларының алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі. Тігін өндірісін дамытуда сырт киім бөлшектерін қатырмалау әдісін енгізу маңызды бағыт болып табылады. Бөлшектерді қатырмалау арқылы бұйымның сыртқы түрін жақсартуға және оны пайдалану процесінде пішінін сақтап қалуға қол жеткізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы