Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттен қолдау тауып, кәсіп бастаған Ақжар ауылдық округінің тұрғыны, көп балалы ана М. Баидешованың жұмысымен танысты.
Көпбалалы ана М. Баидешованың қайтарымсыз грант қаражатына қажетті құрал жабдықтар алып, кондитерлік істі бастаған.
– Бастысы жаңа істі бастаудан қорықпау керек. Мың шақырымдық жол, бірінші қадамнан басталады демекші, мен де осы ісімді бастап, тәуекелге бел будым. Бүгінде сан түрлі маман арасында кондитер саласы да қалыс қалған емес. Қандай да бір мереке немесе туған күн кештерінде арнайы жайылған дастарқан сәнін түрлі көлемдегі торттар келтіріп тұратыны анық. Сонымен бірге көптеген мейрамхана мен кафелер дәл осы кондитерлердің көмегіне жүгінеді. Иә, кондитерлік шағын кәсіп түрі болғанымен, қазіргі таңда үйде пісірілген тәтті тағамдар сұранысқа ие. Себебі ерекше тәтті тағамдарды пісірумен қатар оны безендірудің өзі – бір өнер болып табылады.Ауданда да сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, түрлі тәттілерімен көпшілік ризашылығына бөленіп отырған сала мамандары да жетерлік.Көпшіліктің көңілінен шықса, өндірісті кеңейту де жоспарда бар. Бұл саланы өзіміздің негізгі жұмыспен ұштастыра бастағанда алғашқы қиындықтарға тап болған едік. Сондай-ақ, бұл салада тәжірибе аз болғандықтан, біраз қателіктер болды. Ең үлкен қиындық – қажетті материалдың жетіспеушілігі, өйткені бенто-торт ұғымы өңірімізге енді ғана енуде. Бастапқыда бұл саланы хобби ретінде қарастырдым. Кейін тұтынушылар арасында өнімдеріміз жоғары бағаланған сәтте, кәсіп бастауға қызығушылығым арта түсті. Кәсіп бастауда күйеуім әрдайым қолдау көрсетті және бұл саланы бірге бастаймыз деген ортақ шешімге келдік, -деп өз пікірін жеткізді кәсіпкер.
Жас кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан басшысы ауданда жеке кәсіпкерлер санының артуы бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы екендігін айтып, жас кәсіпкердің бастаған ісіне сәттілік, атқарып жатқан еңбегіне береке тіледі.
Осы орайда ойлы оқырмандар кондитер өндірісін өркендету жайлы аз-кем ақпарат ұсынамыз.
Кондитер өнімдері — әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Кондитер өнімдері — жоғары калориялы тағам.
Мәселен, бенто-торт – жастар арасында жаңа трендке ие тағам түрі. Бенто-торт – 2-3 порцияға арналған кішігірім тәтті нан. Оның негізгі құрамы — бисквит, салынды және крем. Бір реттік шағын ыдыс ішіне пергамент жайып, тортқа арналған шам және кішкентай шанышқы салынады. Бенто-торттың салмағы 1 келіден аспайды. Бенто-тортының классикалық үлкен торттардан айырмашылығы, менің ойымша, көлемі кішігірім болғандықтан, тасымалдауға ыңғайлы, сонымен қатар безендірілуі ерекше. Жұмыс барысы бірнеше тараптарды қамти отырып, үлкен еңбекті талап етеді. Бір бенто-торт пен үлкен торт жасауға бірдей уақыт қажет. Шамамен, 12 сағат еңбектену қажет. Бұл өнімнің өзектілігі артып келеді, өйткені адамдар үлкен торттарға қарағанда ыңғайлы, кішігірім торт тұтынуды әдетке айналдырып келеді.
Бір қызығы, бенто-тортқа тапсырыс берерде өзіңіз қалаған сөзді жаздырып, сурет салдыра аласыз. Мұндай тортты безендірудегі басты ереже — оның қарапайым болуы. Сондықтан оны көбіне маңызды сөздер жазылған минималды дизайнмен дайындайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің сапалық және сандық сипаттамаларын анықтайды. Бәсекеге қабілетті өнім нарықта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу көзқарасында қалыптасады. Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауарлар. Кондитер өнімдерін өндіру жер шарының көптеген мемлекеттерінде жақсы дамыған. АҚШ,Ұлыбритания, Германия, Бельгия мемлекеттерінде аты шыққан тауар маркалары нарықта өз орындарын тауып, әлемге әйгілі болып келеді. Болжамдар бойынша кондитер өнімдерін өндіру процесі бойынша ең жоғары дәрежедегі елдер Қытай, Латын Америка және Шығыс еуропа елдері. Қазақстан Республикасы да кондитер саласын дамытуға өз жігерін косып, елеулі даму үстінде. Оған мысал ретінде отандық кондитер өндірушілер Рахат, Баян-сұлу, Қарағанды конфеттерінің жеткен жетістіктерін айтуға болады. Осы соңғы мәліметтерге қарасақ, ең жетік және жан-жақты зерттеу жүргізген және халықаралық маркетингті қолданған компания «Рахат» компаниясы болып табылады. Оның маркетинг бөлімінің қызметі өте жоғары даму үстінде, оның ұйымдық құрылымы маркетингті басқару, маркетингті зерттеу және жарнама, өткізу бөлімдерінен тұрады. Бұл кәсіпорынның біркелкілігін өндірістік өткізу және маркетинг қызметінің нәтижелері оны Қазақстанның кондитерлік саланың көшбасшысына айналдырады. Қазіргі кезде «Рахат» АҚ өнімі Қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан, Германия, Қытай, Ауғаныстан аумағында да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс колемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда. Қазірге уақытта «Рахат» АҚ-ның позициясы мықты, ол бәсекелестерінің алдында бірқатар бәсекелік артықшылықтарға ие. Отандық кәсіпорындар арасында онымен иық тіресе алатындай кәсіпорын жоқ деседе болады, өйткені өзінің бұрыннан қалыптасқан өткізу нарығы бар. Басқаларынан айрықша жері – «Рахат» АҚ импорттық тауарлардың тек жақсы жақтарын ғана алады және жергілікті шикізат пен материалды пайдаланады. Бұл оның кондитерлік өнімдерінің сапасын жақсартып отыр. Оның сауда маркалары тұтынушыларға кеңінен танымал, кәсіпорынның іскерлік беделі тұрақты және дестрибьютерлік желісі кең.