– Бекжігіт аға,сұхбатымыздың алғашында сіздің шығармашылық кешіңіз жайлы айтсақ.Білуімше шығармашылық жолыңызда алғаш рет шығармашылық кеш өткізген екенсіз.Сол жайлы айта өтсеңіз.Қалай өтті? Өзіңіздің көңіліңізден шықтыма?
– Жалпы мен шығармашылық ән өнерінде жүргеніме 40 жыл.Алғашқы әнім 1983 жылы студенттік шағымда туған.Содан бері мен шығармашылық кеш берген емеспін.Себебі,әнді мен өзімнің хоббиім үшін жазамын.Сондықтан мен консерватория бітірген не болмаса арнайы әншілік жолында жүрген адам емеспін.Сол үшінде маған шығармашылық кеш өткізу қажет болмады.Өзімнің мамандығым журналист, ғылым жолында жүрген адаммын.Бірақ кейбір әріптестерім «Сіз неге шығармашылық кеш өткізбейсіз? Бұл деген халыққа өзіңізді және шығармашылығыңызды таныту емеспе» деді,шынында олардың айтқаны дөп келді деп ойлаймын өйткені менің әндерімді қазақ эстрада жұлдыздарына ұсына бастаған кезде,Олар «Бұл сіздің әніңіңізбе! Біздің репертуарымызда бар,біз осы әндерді тойда,кештерде айтып жүрміз,бұл әннің авторын білмейді екенбіз.Мынадай танымал ән шығарған автордан тағыда ән шығатын болар бізге әндеріңзді ұсынып көрсеңіңзші » деп таңдана қарады,сүйтіп эстрада әншілеріне өз әндерімді жібердім ішінен өздері таңдап алды.Сол әнді өңдеп оны сахнада шырқап,мағанда осы әніңізді шығармашылық кешіңізде шырқаймын деген еді.Мен ешқашан ойламаппын эстрада жұлдыздары менен келіп ән алып оны өзімнің концертімде шырқайды деп.Жұлдыздар келді әнін шырқады халықта таң тамаша болып жоғарғы деңгейде концертімізді өткіздік.
– Балалық шағыңыздың өнерлі болуыңызға қандай әсері тиді.Өнер жолы әкеңізден дарығанба әлде бір жағдай себеп болдыма өнер жолына келуіңізге?
Балалық шағымда ауылдас ағам болған.Ол өнер академиясына оқуға түсті.Академияда оқып жүрген кезде әр демалыста ауылға келетін,өзі бізге көрші тұрады.Содан біз «Не деген күшті ия өнер академиясында оқиды» деп,тамсанып қалатынбыз,баламызғой ол кезде.Бір күндері сол таңданып жүрген ағамыз домбырасын алып ән шырқаған кезде «Мынадай ән шырқауға болады екенгой,недеген дауыс,қалай домбыра шертеді ә!» деп,өзіміз қызыға да қызғана да қарайтынбыз өйткені біз ол сияқты ән шырқап домбыра шерте алмаймызғой.Содан үйге келіп қиялдап отырып «Қалай ә! Қалай адам бұны үйренеді екен» деп, жататынмын.Сол кездерде ауылда вечер деген болады,әліде барғой жастардың арасында кешке таман жиналып қызық өткізетін.Жаңағы көрші ағаның класстастары ортадан ақша жинап кеш құрым вечер жасады.Біз ол кезде баламыз вечер өтіп жатқан жерге барып терезенің артынан жәй тыңдаймызғой әңгімелерін.Содан тілек бәрі бітіп ағамыз қолына домбырасын алып әнін айтып бастайдығой әуелетіп.Біз тереезенің артынан әндерін тыңдап сүйсініп тұрмыз,үш-төрт ән орындады.Бітті-ау деген уақытта үйімізге қайттық.Ертесіне таң атып малды өріске айдауға шығып бара жатсам кешегі мен ғашық болған домбыра тоз-тозы шығып күлдің үстінде жатыр.Енді ол кезде той,жиын төбелессіз тарқамайтын едіғой,ойымша кешегі ұрыстан бұл сынып қалған дедім де таңмен ерте айналама қарасам ешкім жоқ екен.Әлгі сынған домбыраны жинап әкелдім де шөп қораның ішіне тығып тастадым.Сондағы менің бала ойым көрші аға домбыра сынған болса да «Менің домбырам қайда? Кім алып кетті?!» деп,ұрсатын болар оданда ауылдан кеткенін күтиін дедім.Демалыс уақыты ауылда бір ай екі ай жүріп оқуға кетті.Кеткеннен кейін баяғы домбыраның сынықтарын жинап алып әкеме келем.Әкем өзі ағаш ер тоқым жасайтын қолынан біраз дүние келеді әкемнің.Сынған домбыраны әкеп бердім «Өй балам! Мынау не?» деді,құрастыруға онша келмитінін әкемде біліп тұр.Бірақ менің көңілімді қалдырғысы келмедіма әйтеуір сол жерде клеймен сынған жерлерін жамап,домбыра сияқты қылып берді жобалап.Сосын Әкем «Бұны нестемекшісің?» деді,үйренгім келді дедімде алып кеттім.Сол домбыраны тартып аздап аздап үйрендім,бірінші аздап шертіп одан кейін қағып үйрендім.Ол кезде интернет жоқ заман ютубтан ашып көре салатын,телевизордан айтыс,концерттердің басталғанын күтетінмін.Ол кезде Ұлттық арнадан бағдарламалардың тізімін шығаратын солардан көріп концерттің уақытын жазып алатынмын.Міне осылай жәймендеп домбыраныда үйреніп алдым,бірақта ешқашан ән жазамын деп ойламаппын.
– Сіздің халық арасында жүрген біршама әндеріңіз бар.Ол әндер сіздікі екенін біршамасы білмей де жатады.Көптеген отырыста ата апалармыз орындап жүретін “Жас жұбайлар” әнінің шығу тарихы қалай болды.Сол туралы айтып берсеңіз?
– 1983 жылы әлі есімде курстасымыз үйленіп содан бір топ қыз жігіттер Қарағанды қаласы Ақшатауға қарай жол тарттық.Содан көңілді орта домбырамыз бар гитарамыз бар тойға баражатырмыз,содан қалтамыздағы бар тиын тебенімізді жинап жолдан балық аламыз бәліш аламыз түрлі тағамдар алып жатырмыз.Кеш құрым жатар кезі болып қалған,қыздардың бірі «Оу жігіттер қыздар! Ертең біз тойға барамыз,тойға барғанда бізге сөз береді сонда біз сөзден жаңылыспаспыз бірақта сөйлеп болған кейін не сыйлаймыз» деп,тосын сұрақ болған,кейін бәріміз ойланып қалдық шынында,қалтамызға қарасақ ештене жоқ барлығына тамақ алып тастағанбыз.Содан түн батып қалған кезде пойызда вальс екпіні секілді дөңгелектері жақсы жүріп келе жатыр.Бір кезде қарасам балық оралған газет тұр ашып қарасам «Лениншіл жас» газеті,бір бетінде қайыңынын астында жас жұбайлардың әдемі суреті тұр,сол газетте жастарға арналған екі шумақ өлең:
Ақ қайыңның төгіліп нұр шашағы,
Алаңқайды ақ қанат гүл басады.
деп, басталған.Ей! мынау біздің ертеңгі тойымызға ыңғайлы өлеңғой деп екі шумақты оқимын,бірақ өлең оқығаннан гөрі ән дұрысқой,сомен екі шумақты қайта-қайта оқып жатсам ойыма ән келді.Содан әлгі әнді айтып отырып ертеңгі тойға ыңғайлы болсын деп әнге қайырмасын жаздық:
Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар.
Ақ тілек батамыз мінекей,
Бақытты болыңдар болыңдар.
Міні осылай бұл ән Ақшатауда шырқалды.Сомен біз қайттық.Бес-алты айдан кейін Алматыда ЖЕНПИ-дің,КазГУ-дің жатақханасында төгіліп жатқан осы ән.Біреулер айтады «Мақтаныш сезімінде тұратын шығарсыз» деп,жоқ менде ондай сезім болмапты не дегенімен халықтың әні болып кеттіғой,халыққа ұнап жатса автордың айтылуы міндетті емес бастысы елдің көңілінен шыққан ән болса болды деп ойлаймын.
-Енді бұл әніңіздің тарихы бір қызық болып өткен екен! Қырық жыл бойы әлі оты өшпеген әніңізді тарих сөндірмес.Сізгеде сарқылмас шабыт тілеймін.Тағы да жүз жыл шырқалатын ән жазыңыз!
Ғабит Төлепберген,
Ахмет Ясауи университетінің 4 курс студенті