- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін қаламыздағы «Mega city» ойын-сауық орталығында Түркістан қаласы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен тұрғындарға «Ашық есік» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке аясында қызмет көрсету мекемесіне және халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, өздеріне электрондық қолтаңба алған жағдайда, қажетті анықтаманы немесе қызметті алуға болатыны туралы айтылды. Аталған шараға 300-ге жуық қала тұрғындары қызығушылық білдіріп, түрлі сауалдармен тиісті мекеме мамандарына жүгінді.

Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы филиалының мамандары келушілердің арасынан 70 азаматқа электронды цифрлы қолтаңба беріп, қызмет көрсетсе, әкімдіктің мемлекеттік қызмет көрсететін тиісті бөлімдері көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Жәрмеңкеге Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Наушабай, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Б.Исаков және өзге де сала мамандары келіп, жәрмеңкеге қатысты өз ойлары мен пікірлерін білдірді.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтылығына, көрсетілу сапасына баса мән берілуіде. Осы бағыта қазақстандықтар үшін жуырда «Электрондық үкімет порталының» «Е-gov mobile» жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Енді ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болатындығы жәрмеңгеке келген көпшіліке түсіндірілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі – халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзылушылықтарын ескерту және сыбайлас жемқорлықтың көріністері мен іс-қимылдарын жою. Ел экономикасына жаңа серпін беретін «Цифрлық Қазақстан» – мемлекеттік бағдарламасы да адами капиталды жақсартумен қатар, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған болатын. Жалпы алғанда елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен ашықтығын қамтамасыз етуде түрлі шаралар атқарылуда. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін жеткізу көзделуде. Бұл маңызды да әрі ауқымды бағдарламаның жүзеге асуы үшін ең алдымен әрбір азаматтың Электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) алу толықтай жүзеге асырылуы қажет. Себебі, сіз байланысатын кез келген салада (білім, денсаулық, банк жүйелері т.б.) электрондық цифрлық қолтаңбаңыз арқылы құжаттық айналым жүргізіледі. Тіпті алдағы уақытта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тек электрондық үкіметтің порталы арқылы жүзеге асырылуы күтілуде.

Сонымен қатар қалалық әкімдік тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ашықтықты және сапалылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық мемлекеттік органдардың кеңсе мамандарын бір жерге шоғырландыру арқылы жуырда «Фронт-офис» ашу жоспарлануда. Өз кезегінде осындай насихат шаралары мен жәрмеңкелердің жүзеге асырылуы тұрғындардың цифрлық, құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік туғызатын болады. Сондықтан да қала тұрғындарының осындай шараларға белсенді қатысуы маңызды болмақ.
«Түркістан-ақпарат».