АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТАПТАЛМАУЫ ТИІС

1  191 көрілім

  Облыстық жастар ресурстық орталығында «Адам құқықтары  – қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Халықаралық адам құқықтары күніне арналған кездесуді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Сариев жүргізіп: «Еліміз 1949 жылы БҰҰ-ның құрылу мәлімдемесін бекітті. Осы жылдан бері біздің республикамызда да «Адам құқықтары» күні жыл сайын 10 желтоқсанда аталып келеді. Адам құқықтарын қорғау  – мемлекеттік саясаттың негізге алатын ұстанымы»,  – дей келе, бұл күннің маңызына тоқталып өтті.

  Сонымен қатар, жиын барысында «Республикалық Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Б.Әшірбаев,  «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Бейсембаев және іс-шараға қатысқан студенттер ойларын айтып, пікірлерін ортаға салды.

  Айта кетейік, адам құқықтарын қолдау және қорғаудың мемлекеттік және қоғамдық механизмдерін күшейту мақсатында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия 1994 жылдың ақпанында құрылған болатын. Ал, айтулы датаның мән-маңызы ерекше. Сондықтан да, қоғамда адам құқығын сақтауға, тапталмауына әр азамат жол бермеуі керек.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы