СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ

2  066 көрілім

  9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні. Осы мақсатта, Түркістан жоғары медицина колледжінде «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты іс-шара өтті. Жиынға «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Нұржахан Абуова, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ералы Қамбар, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Мирзахмедова және студенттер қатысып, тамашалады.

  «Жиынның басты мақсаты – саналы жастарымызды парасаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. «Мың жылдығын ойлаған халық – саналы ұрпақ тәрбиелейді» деп айтқандай, Түркістан облысының барлық 66 колледжіне «Парасаттылық мектебі» мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ашылып, жұмыс жасауда. Біздің жастарымыз ертеңгі күні адал, тәртіпті, инабатты, ибалы болуы керек. Келешекте сіздер де сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, емтихандарыңызды ақы беру арқылы өткерсеңіздер қандай маман боласыздар? Ең жақсы, білімді маман ғана өз деңгейінен шыға алады, жұмыс істей алады. Сондықтан да, өз білімдеріңізді көтеру үшін аянбай еңбек етіп, сыбайластыққа жол бермеуге шақырамын», – деді Н.Абуова.  

  Кеш барысында қоғамның жегі жұртына айналған сыбайластық бойынша мәнді бейнероликтер көрсетіліп, рухты әндер мен қара сөздер оқылды. Қоғам жұмылған жұдырықтай, ал басшы әділ болуы үшін  – халық бәтуәлі болуы тиіс. Сонда еліміз кең өркен жайып, жемқорлық тәуекелі де азаймақ деген ойды топшалады.

Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы