- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумында «Білім беруді және адами капиталды дамыту жөнінде» панельдік сессиясы өтті. Онда спикерлер адам капиталын дамыту, білім саласында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану және өзге де мәселелер талқыланды.
Келелі кеңеске 12 спикер қатысты. Олар – білім саласына еңбегі сіңген тұлғалар мен бірқатар жоғары оқу орындарының проректорлары. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев білім саласына қатысты баяндама жасады.
– Бүгінгі халықаралық форумының «Білім беруді және адами капиталды дамыту жөніндегі» панельдік сессиясында талқыланатын мәселелер мен ортаға салынатын пікірлер өңірдегі білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосады деп санаймын. Түркістан облысында жалпы 1029 мектепте 908 мемлекеттік, 121 жекеменшік және 515 мыңнан астам оқушы білім алады. Облыс халқының 38%-ы – балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы біздің облыста. Бұл – республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Облыста білім саласына қолдау көрсетілуде. Қазір жалпы 96 мектептің құрылысы жүргізілуде. Біз мектеп салумен ғана шектелмей, ұстаздардың білімін арттыруға күш салудамыз. Осы мақсатта 100-ге жуық мұғалімді Жапония, Оңтүстік Корея елдеріне оқу-тәжірибелік семинардан, 50 мұғалімді «Болашақ» стипендиясымен өзге шет елдерде тәжірибеден өткізу жоспарланған. Бүгінде мұғалімдердің алдыңғы легі Жапонияда арнайы тәжірибеден өтті. Бүгінгі мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен әлеуетті инвесторлардың басын біріктірген кездесулер мен келісімдер Түркістанға тың серпін береді. Жаңғыру жолындағы Түркістан өзіндік даму бағыты бар білім орталығына айналады деп сенемін, – деді Бейсен Тәжібаев.
Жиында Түркиядан, Қазақстаннан келген білікті оқытушылар, профессорлар, жоғары оқу орындарының ректорлары мазмұнды баяндамалар жасап, білім саласын дамытуға қатысты пікірлерін, ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ, PhD докторы, Кочман университетінің профессоры Мугла Сытки (Түркия), Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты А.Қадырова, Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің PhD докторы А.Кодиржанов және өзге де спикерлер мазмұнды ойларын ортаға салды.
Шағын мектептерді қоспағанда (олар 82 мектеп) облыстағы 826 мектеп 2 201 арнайы пән кабинеттерімен қамтылған. Оның ішінде: 1 256-сі – жаңа модификацияланған пәндік кабинеттер. Жоспарға сәйкес, 2023 жылдың соңына дейін 240 пәндік кабинет жасақталады.
Түркістан облысы әкімдігі осы мақсатта жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Білім беру және адами капиталды дамыту бағытында да көптеген жобалар атқарылып, өңірдің білім саласын арттыру бағытында кешенді жұмыстар қолға алынған. Туризм саласы арқылы ауданның имиджін қалыптастыру мүмкіндігі мол. Туристер, демалушылар ауданда тынығып қана қоймай, мәдениет, әдет-ғұрып пен дәстүрлер жөнінде толық ақпарат алады. Сондай-ақ, бұл сала ауданның бюджетіне қомақты қаржы түсіріп қана қоймай, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызады.
Президент Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, жаңа жобалар іске асып жатыр. Бұл ретте, Түркістан облысындағы демалыс аймақтарына апарар жолдар жөндеуден өткізілді. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарын негізгі 3 бағытта іске асыруда. Мәселен, Төлеби ауданындағы жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын туристік бағыттағы 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, облыстық маңызы бар КХ-31 «Қасқасу қысқы демалыс аймағы» автомобиль жолының 10,2 шқ және КХ-170 «Біркөлік санаториясына кірме жол» автомобиль жолының 6,2 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Бекітілген сметалық кұжаттамаға сәйкес, ескірген асфальт жабыны толығымен жаңартылып, аяқ жолдар салынды. Сондай-ақ, таулы аймақтарда көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында темір дөңгелекқағарлар және елді мекендерге диодты жарықтандыру шамдары орнатылды.
Бұдан бөлек, жол таңбалары сызылып, тиісті жол белгілерімен қамтылды. Таулы аймақта жауын-шашын кезінде асфальт жабындысын су шаюдан сақтау мақсатында 14 жерде су өткізгіш құбырлар ауыстырылып, суағарлар орнатылды. Айта кетейік, бұған дейін облыстық маңызы бар КХ-93 «Кеңесарық-Қасқасу – Майбұлақ» (1,6 шқ) автомобиль жолы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын.
Былтыр аудан аумағында «Қасқасу» туристік – рекреациялық аймақтың құрылысы жалғасын тауып, «Шипабұлақ» демалыс аймағы кеңейтіліп, «Alma-Tau» таулы курортында қосымша қонақүй мен спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Тауларда қоңыр, сұр, жазықта саздақты топырақ таралған. Дала өңірінде астық тұқымдас шөптер, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, т.б. тау бөктерінде жеміс ағаштары өседі. Аудан аумағында: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін, т.б., құстардан – бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам, өзендері ағып өтеді.
Ақсу өзені өзінің бастауын Тянь-Шань тауынан арнасын алады. Аудан аумағынан өтіп, Сайрам, Ордабасы аудандарының тоғысқан жеріне — Арыс өзеніне барып құяды. Тау суы тұнық, ал дәмі керемет, әрі балдай. Таудың қоңыр салқын ауасы мен табиғатының шексіз сұлулығына қызығушылар үшін Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы таптырмас демалыс орны болы саналады. Парк территориясында Өгем жотасының ең биік жері Сайрам шыңы болса, Өгем, Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Даубаба және Көкбұлақ өзендері де ағып өтеді.
Табиғат аясында тынығушылар саны жыл санап артып келеді. Ауданның табиғи ерекшелігіне орай туризм кластерін дамытуға өте ыңғайлы. Осы салада аудан аумағында жалпы 139 туристік нысан жұмыс істейді. Олар 1 шаңғы базасы, 2 емдік-сауықтыру орны – «Біркөлік» санаториясы және «Ақкен» саумалмен емдеу орталығы, 72 демалыс аймағы және 64 саяжай.
Былтыр ауданға 34552 демалушы келіп, жалпы 662 млн.416,0 мың тенгеге қызмет көрсетілді. Ауданның демалыс орындары тұрғындарға жыл мезгілдеріне орай тауда тынығу, атта серуендеу, шаңғы тебу, сырғанау секілді қызмет түрлерін ұсынады. Қыс мезгілінде таудың әсемдігін тамашалап, таза ауамен тыныстап, шаңғы тебу үшін «Тау Самалы» демалыс аймағының «Алатау» тау шаңғы базасы, «Алма-тау» тау курорты қызмет көрсетеді. Ал, емделушілерге «Біркөлік» санаториясы, «Дихан Тау» саумалмен сауықтыру орталығы жұмыс жасауда. Балық аулауға арналған «Сақ» демалыс аймағындағы 3 көлде карп пен форель балықтары өсірілуде.
Сонымен қатар тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» құрылысы жүріп жатыр. Кешен іске қосылғанда туристер саны едәуір артады деп күтілуде.
Былтыр Диханкөл елді мекенінде жеке кәсіпкер Э.Еспенбетова «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы мен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы қаржыландыру нәтижесінде саумалмен сауықтыру кешенін іске қосты. “Дихан Тау” саумалы сауықтыру орталығының жоба құны 57 миллион теңгені құрады. Кешен бір мезгілде 25 отбасын қабылдай алады.
Қасқасу ауылының Сарыбұлақ шатқалындағы Ақмойнақ тауының бөктерінде «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын жүргізуге 1,7 млрд. теңге қаралды. Кешен іске қосылған уақытта қоңыр күзден көктемнің ортасына дейін шаңғы тебуге мүмкіндік тумақ. Жазда тау баурайындағы демалыс аймақтары туристерге қызмет көрсетеді. Демек, Қасқасуда жылдың барлық мезгілінде демалуға мүмкіндік ашылады.