Отбасыларда соңғы кездері ер адамдар үй ішінде темекі шегіп , сол темекі түтінімен отбасындағы әйелі мен балалары дем алатын жағдайлар жиі кездесіп жатады.Тікелей ауаға шығатын темекі түтінінің құрамын талдаған кезде ондағы иіс газының мөлшері демді алған кездегі түтінмен салыстырғанда 5 есе артық, қара май және никотиннің көлемі -3 есе жоғары, бензопирен -4 есе және аммиак -46 есе артық екендігі дәлелденген.Егер отбасында ата ананың екуіде шылым шегетін болса, балаларға қауіпі екі есе көп төнеді. Тыныс жолдары аурулары 2 есе жиі кездеседі, артериалдық қысым жоғарылайды, тамыр соғысы жиілейді, аллергиялық аурулардың пайда болу қауіпі көбейеді, өкпенің қатерлі ісігінің пайда болу қауіпі жоғарылайды, тұлғалық және ақыл-ойы кеш дамиды.
Дәмді қоспалары бар темекі, тартымды дизайны бар хош иісті электронды темекі жастар арасында бұл өнімдердің таралуына ықпал етеді, дегенмен көптеген тұтынушылар денсаулығына зиян екендігі туралы білмейді.
Темекі шегуден бас тартқысы келетін адамдарға арналған бірнеше кеңестер:.
Темекіні тастауға тұрарлық себептер яғни денсаулыққа байланысты артықшылығы, ақшаны үнемдеу, уақытты үнемдеу бойынша тізбесін дайындау;
Жаттығу жасауды бастау, сұйықтықты көп ішу, көп демалу, шаршаудан аулақ болу;
Темекі шегуден бас тарту күнін алдын ала анықтау.
Темекіні тастағың келетінін жақындарыңызға достарыңызға айту, яғни олар сіздің орныңызға темекі тастай алмайды, бірақ сіз болған жерде темекі ұсынбай, қолдау жасай алады.
Темекі санын азайтуға немесе “жеңіл” немесе сүзгісі бар темекіге ауысуға тырыспай, бірден темекі шегуді тоқтатыңыз.
Электронды темекіге ауысып өзіңізді алдамаңыз. Электронды темекі никотинге тәуелділікті тудырады және қолдайды.
Қызықты және пайдалы іспен айналысыңыз, темекіге кететін уақытты енді қалай өткізу керектігін ойлаңыз.
Аз-аздан тамақтаныңыз, тамақ жеу темекіден алшақтатып, уақытты алуға көмектеседі, рацион калориясын бақылаңыз.
Таза ауада уақыт өткізіп, көбірек қозғалыңыз.
Спорт – пайдалы іс және темекі шегуге балама.
Әрбір өткен кезең үшін өзіңізді жағымды нәрсемен марапаттаңыз, жағымды ой ойлаңыз, темекіні тастау бойынша міндетіңіз жеңіл емес , бірақ орындауға болатынын естен шығармаңыз.
Болашағыңызды қорғау үшін темекі мен вейпингтен бас тартыңыз! Сіз тіркелген емхана жанындағы темекіге қарсы орталықтардағы мамандардан көмек сұраңыз!
Омарова Сабохат Исамиддиновна,
Түркістан қалалық емханасы Бірлік бөлімшесінің жалпы тәжірибелі дәрігері.
