28 маусым – Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан қаласында «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев пен осы ұйымның мүшесі Бауыржан Исаев өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Игі іс-шара барысында «Түркістан» газетінің белсенді журналистері арнайы марапаттармен және сый-сияпаттармен марапатталды. Атап айтқанда, газет тілшісі Роза Нарымбетоваға республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының «Ел құрметі» төсбелгісі табыс етілсе, редакцияның тағы екі өкілі – Дәурен Тілеухан мен Серікбай Аметов «Тәуелсіздік қыраны» қоғамдық төсбелгілерімен марапатталды.
Сонымен қатар, журналистика саласында белсенді еңбек етіп жүрген газетті бас редакторы Ғалия Дүйсенәліқызына «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаты табысталды. Жиында Бақытжан Жармаханұлы мен БАуыржан Исаев марапат иелеріне жүрекжарды құттықтаулар ынайтып, ақпарат айдынында елеулі еңбек етіп, қалам ұстаған қауымның ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайтуға қосып жүрген еңбегін ерекше атап өтті.
