Келес ауданында ат спортын дамыту мақсатында жаңа ипподромның құрылысы басталады. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев Бірінші Мамыр елді мекенінде болып, ипподромның құрылысы жүретін жер телімдерін аралап көрді. Жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, ипподромның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындауды тапсырды.
– Келес ауданында ипподром салу бастамасы бірнеше жылдан бері қозғалып келеді. Ат – қазақтың жанына жақын киелі жануар. Ат спортын дамыту арқылы біз ата дәстүрді, салтты жаңғыртамыз. Жаңа кешенде ат спорты түрлерін дамытамыз деген жоспарымыз бар. Қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде, – дейді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан басшысы Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай елді мекені мен Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр ауылына барып, футбол алаңдарының құрылысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, ат спорты — ат үстінде орындалатын спорттық жарыстар. Ат спортынының қазіргі заманғы түрлері: атпен мәнерлеп жүру (жай жүру, желдіру, шоқырақтатып шабу, пассаж, пьяффе т.б.), кедергілерден өту (конкур-иппик), үш сайыс (манежде жүру, алаңда атты сынау және кедергілерден өту), жарысу (1200-3200 м қашықтықты барынша тез шауып өту, стипл-чейз, кросс), атпен аң аулау, үлкен қашықтыққа ат шаптыру (25, 50 және 100 км) т.б.; ұлттық түрлері: бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге ілу. А. с-нан ең алғашқы Олимпиялық ойындар б.з.б. 680 ж. өткізілген. Атпен жүрудің арнаулы мектептері 16 ғ-дың бас кезінде Италияда, Францияда, Австрияда пайда болды. Ололимпиялық ойындар бағдарламасына 1900 ж., дүние жүзі және Еуропа чемпионаттары бағдарламасына 1953 ж. енгізілді. Халықар. А. с. федерациясы (ФЕІ) 1921 ж. құрылды. Қазақстан оған 1952 жылдан мүше. 1956 ж. Алматыда алғашқы А. с. мектебі ашылды. Қазақстандық шабандоздар алғаш Олимпиялық ойындарға 1960 ж. қатысты. Шабандоз С.Филатов Абсент атты ахалтеке сәйгүлігімен (Жамбыл обл, Луговой жылқы з-ты) ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1 алтын (Рим — 1960), екі қола медальді жеңіп алды (Токио — 1964; Мехико — 1968). 1996 ж. Кечкемет қаласында (Венгрия) дүние жүзі ат спортшыларының 1-фестивалі өтті. Оған 23 мемлекеттің шабандоздары қатысты. Осы жарыста қазақстандық атбегілер ұлттық А. с. түрінің бәрінен өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Абайдың (1995), Жамбылдың (1996), М.Әуезовтың (1997) мерейтойлары құрметіне ұйымдастырылған халықар. деңгейдегі аламан бәйгелерде қазақстандық шабандоздар Т.Медеушиев, О.Әмірғалиев, А.Өзіқазақ, Н.Сатыбаев т.б. жүлдегер атанды.
Қазақта атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық спорт түрлері көп. Соның ішінде көкпар, қыз қуу, теңге алу, бәйге, жорға жарыс, жігіт жарыс, жамбы ату сияқты икемділікке, ептілікке баулитын ойындардың бір парасы бүгінде ұлттық спорт ретінде танылып, көпшіліктің көзайымына айналды.
Жалпы, ат спорты – бірегей спорт. Ол адамға еркіндік пен ерекше ерік-жігер сыйлайды. Тіпті, мінез-құлық саулығын қалыпқа келтіріп қана қоймай, иппотерапия тәсілі ретінде сауықтыру үшін емдік мақсатта кең қолданылады. Атқа міну күннен-күнге сәнге, әрі демалыстың озық үлгісіне айналып келеді. Егерде атқа мінуді, дұрыс отыруды үйренгіңіз келсе, жеке сабаққа жазылғаныңыз дұрыс. Атшаптырым манежде тәжірибелі жаттықтырушының кеңесімен жүріс, желіс, шабыс техникасын меңгеретін боласыз. Алғашқы кезеңде қауіпсіздік ережесін, ат ерттеу, суыту, аяңдап жүруді түсіндіреді. Осыдан соң ғана ат жүрісінің өзге де түрлеріне қаныға бастайсыз. Мысалы, аяңнан біршама өнімдірек жүріс желіс арқылы сіз сағатына 13-50 шақырымды артқа тастайсыз.
Атқа мінуді үйрену әркімнің ынтасы мен жігеріне, физикалық жаттығуы мен жаттықтырушысына тікелей байланысты. Саматтың айтуынша, аптасына 2 рет тұрақты жаттығу арқылы ұзағанда үш айда үйреніп кетуге болады.
«Атқа ,негізінен, сол жағынан мінеді. Отырмастан бұрын тізгінді жалымен бірге жинап ұстау керек. Тізгін бос болмауын қадағалаңыз, сондай-ақ, аттың басын қатты тартпау қажет. Ерге жақын отырып, арқаны тік ұстайсыз. Құлап қалмас үшін тепе-теңдікті сақтап, тақымды берік қысу керек» дейді жаттықтырушы.
Атқа тез үйренісу үшін оған үнемі жылы сөздер айтып, ұрмай-соқпай, жақын жаныңыздай көру керек. Арқасынан қағып, маңдайынан сипап қойыңыз. Өзіңізбен бірге сәбіз, алма ала жүріп, атыңызға ара-тұра беріп қою достық қатынастарыңызды арттыра түспек. Дегенмен, ат кейде қатты дауыстан, аяқ асты қимылдан үркіп жатады. Мұндайда аттан құлаудың да өз тәртібін есте сақтаған жөн. Неғұрлым бір иықпен аунай құлаған дұрыс, қандай жағдай болмасын арқамен жығылу мертіктіруі мүмкін. Иә, киім ретін де айтуды ұмытпайық. Ең маңыздысы – аяқ киім. Жеңіл, жұқа аяқ киім кигенде сақ болыңыз. Тепе-теңдікті сақтай алмай қалған күнде аяғыңыз үзеңгіден өтіп кетсе, атқа сүйретіліп қалуыңыз оп-оңай. Сондықтан, қонышы ұзын етік киген дұрыс. Одан бөлек, шалбар таңдағанда неғұрлым дене қимылына үйлесімді, еркін жүріп-тұруға ыңғайлы киім киіңіз. Мұндайда көбіне спорттық трикотаж шалбарлар қолайлы. Ең маңыздысы – каска. Көп клубтарда ақылы негізде каска беріп жатады. Бас тартпаңыз, бұл жерде қауіпсіздік маңызды. Атпен аяңдай жүріп серуендеу денсаулыққа және көңіл-күйге пайдалы. Жылқы есті жануар болғандықтан қамқорлықты сезіне алады. Буын, омыртқа аурулары, жедел және созылмалы құлақ аурулары жиі мазалайтын ересек жандар мен балалар үшін сауықтыру мақсатында пайдалы. Атқа мінген адамның бойында күш пен сенімділік артады. Таза ауада атпен серуендеу ағзаны оттегімен байытып, жасарта түседі. Сонымен бірге зат алмасуды реттеп, қан айналымы жақсарып, ағзадағы токсин, өзге де зиянды заттарды шығаруға көмектеседі.
Ат үстіндегі адам денесін үнемі тепе-теңдікте сақтауға тырысады. Сол себепті, жауырын, іш, кеуде бұлшық еттерінің қызметін босатып-қатайтып отыру арқылы жайшылықта әрекетке түсе қоймайтын бұлшық еттері де іс-қимылға көшеді.
Атқа міну – артық салмақтан құтылудың таптырмайтын әдісі. Егер, сіз салт атпен аяңдай отырып 1 сағат жүретін болсаңыз, кемі 300 калория жоғалтасыз, ал үзбей желістен 700 калория жойылады екен.