ТҮРКІСТАН: ЭТНОМӘДЕНИ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

208 көрілім

Түркістан қаласындағы облыстық “Фараб” ғылыми-әмбебап кітапханасында осы ұжымның және Түркістан облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен ‘Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің “Тілі,мәдениеті және салт-дәстүрі күні'” тақырыбында ауқымды мәдени іс-шара өткізілді.

Іс-шараның ашылу салтанатында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық “Фараб” ғылыми- әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, Түркістан облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Раимжан Қошқаров және басқалар құттықтау сөздерін сөйлеген соң, Түркістан облыстық этномәдени қоғамдық бірлестігінің Жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген бірқатар азаматтар Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының, облыстық “Фараб” ғылыми-әмбебап кітапханасының және Түркістан облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Мәдени іс-шара барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,Әмір Темір, Абай және Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтардың лауреаты,жазушы,ақын,, аудармашы Далимжан Сайфуллаевтың шығармашылық кеші де болып, онда жиналған қауымға Далимжан Сайфуллаевтың өмір жолы таныстырылғаннан кейін,,мектеп оқушылары ол кісінің өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшіліктің көңілінен шыға білді.

Сонымен қатар іс-шараға жиналған көрермендер Түркістан облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі дайындаған көрмеге қойылған қолөнер бұйымдарының және әртүрлі ұлттық тағамдардың үлгілерімен танысты.

“Фарабтағы’ дүбірлі мәдени іс-шара Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі өнер шеберлерінің үлкен концерттіқ бағдарламасымен жалғасын тапты.

Бақытжан Бейсембаев,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы