- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Ел экономикасын одан әрі дамыту, отандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында Үкімет тарапынан тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Ол үшін жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңызды мәселе.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бизнес өкілдерінің және азаматтардың нақты сұранысы негізінде шешімдер қысқа мерзімде, тіпті, қажет болса бір тәулікте қабылдануға тиіс. Еліміздің дамуын мейлінше тежейтін шектен тыс бюрократиялануды біртіндеп жойып отыру қажеттігін атап айтқан болатын.
Түркістан облысында да түрлі бағыттарда жаңа кәсіпкерлік көздері ашылып, сол нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу бойынша өтініштер саны да арта түсті. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жаңа бизнес орындарының іске қосылуына өз құзыреті шегінде заң аясында, үлес қосып келеді. Жыл басынан бері облыс бойынша Департаменттің басқармалары тарапынан 586 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін 450 өтініш түсіп, оның 254-і мемлекеттік қалып талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алды.
Осылайша бір тараптан кәсіпкерлік саласына қолдау білдіріліп жатса, тұтынушыларға тиісті қызмет көрсетпеген кейбір бизнес нысандарына тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдар да жоқ емес. Қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін 217 арыз-шағым түскен. Басым көпшілігі қоғамдық тамақтану орындары мен мектептерге, дүкендердегі санитариялық тазалыққа қатысты көңіл толмаушылықтарын білдірген.
Осы орайда, Түркістан облысының сан-эпид бақылау қызметі халыққа қызмет көрсетіп отырған кәсіп иелеріне тұрғындарды сапалы тамақпен қамтуды, санитариялық тазалықты сақтауды сұрайды. Айтып өтейік, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңға, денсаулық сақтау министрінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы бұйрығына сәйкес, нысандар эпидемиологиялық мәні жоғарғы объектілер және эпидемиологиялық мәні болмашы объектілер болып бөлінеді.
Эпидемиялық мәні жоғары объектілерде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс. Ал, эпидемиялық мәні болмашы объектілер көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Сан-эпид бақылау қызметіне хабарлама берумен шектеледі.