“БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ ” АТТЫ АСФАЛЬТҚА СУРЕТ САЛУ ІС- ШАРАСЫ ӨТТІ

1  506 көрілім

“БАЛАЛАР ЖЫЛЫ-2022” кешенді жоспары аясында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күні Шардара халық театрының ұйымдастырумен “Біз бақытты баламыз ” атты асфальтқа сурет салу іс- шарасы өткізілді. Іс- шараға балалар драма үйірмесіне қатысушы жасөспірімдер мен олардың ата-аналары қатысты.

Жас суретшілер бейбіт күннің белгісі жарқыраған күн, арман арқалаған ақ кеме, Астана символы- Бәйтерек, алуан түрлі гүлдер мен көк туымызды асқан шеберлікпен бейнеледі. Мерекелік іс-шара соңында ұйымдастырушылар атынан жеңімпаздарға сыйлықтар мен тәтті балмұздақтар таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы