«БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ» АТТЫ САЯХАТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

822 көрілім

Леңгірде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және 2022 жыл «Балалар жылына» орай орталық саябақта балалар үшін мерекелік шара өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анафия Қадырбекова қатысып, балаларды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, республикалық деңгейде жүлделі болған балаларды марапаттады. Мерекелік шара барысында Төлеби аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Біз бақытты баламыз» атты саяхат-ойындары өтті.

Ойынның мақсаты – балалардың эстетикалық және шығармашылық әлеуетін дамыту, талантты балаларды табу, таланттарын ашу, қолдау көрсету арқылы отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы