- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Конституциялық реформаның мақсаты – елімізді саяси тұрғыдан одан әрі жан-жақты жаңғыртудың берік іргетасын қалау. Өткен аптада Конституциялық кеңеске түзетулер жобасы жолданды. Оның қабылдануы мемлекеттік институттарды құрудың және қызметінің мүлде жаңа үлгісін – Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік береді. Азаматтар тарапынан: «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?», – деген сауал жиі қойылып жүр. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа да нұсқа жауап беруге болады.
Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мәнінде Әділетті Қазақстан. Азаматтарға әлеуметтік әділдік жетіспейтінін мойындайықшы. Қарапайым халықтың мүддесі үнемі елене бермейді, кейде, тіпті әділетсіздік мемлекеттік аппарат өкілдері тарапынан да жасалып жатады. Азаматтардың мемлекеттік мекемелерге сенімсіздігі осыдан туындайды. Сондықтан «Amanat» партиясының алдында осы олқылықтардың орнын толтыру міндеті тұр. Азаматтық қоғам мен билік арасындағы дәнекер болу үшін сіздер халық өкілдерімен етене жұмыс істеулеріңіз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Конституция реформасы мемлекеттің барлық моделін кешенді түрде трансформациялауға бағытталған. 5 мамырда президент референдум заңына өзгеріс енгізетін заң жобасына қол қойды. Билік Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізуді көздейді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде «Конституцияға түзетулер енгізуді парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын» – деді және референдум «маңызды демократиялық институт» деп атап, Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы қазіргі Конституция бекітілген кезде өткенін еске салды. Конституцияға содан бері төрт рет түзету енгізілсе де, референдум әдісі қолданылмағанын атап өтті. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын анықтау ісіне қатысуға мүмкіндік береді, елдің деморатияға бағыт алуына ықпал ететіндігін айтты.
Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтқанда, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиістігін баса айтты.
«Конституцияның идеялық әлеуеті, идеялық негізі екі басты бағытты көздейді. Біріншісі – қоғамдық процестерді демократияландыру, мемлекеттік аппаратта және мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасында болатын процестер.
Екінші Республика жағдайында суперпрезиденттік билік жүйесінен күшті Парламентке, жалпы алғанда, күшті өкілді органдарға көшу, Президент өзіне дейін мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының құзыретіне жататын бірқатар бағыттарды Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дайындалған жобаға қоғамды саяси тұрғыдан трансформациялау жөнінде берілген барлық ұсынысты ескерудің мәні зор екеніне тоқталды. «Шын мәнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты әрі толық түсінік болу үшін осы модель мен үдерісті Екінші республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды», – деп, Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Менің ойымша мемлекет басшысының бұл ұсынысын халық толықтай қолдайды. Себебі мемлекет тағдырын жекелеген азаматтар емес, тұтас халықтың өзі шешуі керек. Ал Президенттің осындай күрделі мәселеде соңғы сөзді халықтың өзіне қалдыруы елдегі үлкен өзгерістердің бастауы болса керек. Біз сонда ғана Президент айтқандай Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз, әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз.
Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам арасында Негізгі Заңда айқындалатын жаңа қатынастар қалыптасып жатыр. Сондықтан, халықтың өзі бұл таңдауды референдум арқылы жасайтыны дұрыс болды.
Жаңа Қазакстанға жаңа заңдар, әсіресе ең алдымен, азамат пен қоғамның құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауға арналған әрі тек сол бағытта жұмыс істейтін жаңа заңдар қажет. Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды.
Мемлекет басшысының еліміздің өміріндегі түбегейлі оң бетбұрыстарға жасап жатқан қадамдарын және қоғам мен әрбір азаматтың пікірлері ескерілетін республикалық референдум өткізуді толығымен қолдаймын. Сондықтан әрбір азаматты 5 маусымда дауыс беруге шақырамын.
З.ЧАЛДАНОВ, Түркістан облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, референдум штаб мүшесі.