- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қоғамда отандық емес, шетелдік қаржы пирамидаларының арбауына түсіп, бармағын тістеп өкініп жатқандар көп. Алданып жатқан көптеген пирамидалардың құзырында депозиттерді қабылдауға рұхсат беретін Ұлттық банктің лицензиясы, жарғысы және мемлекеттік тіркеуден өткен реттік нөмірі жоқ. Қандайда бір қаржы пирамидаларына келген адамнан талап етілетін ең бірінші мәселе белгілі бір жарна төлеуді міндеттеу болып табылады. Тарихта 1960 жылы америкалық олигарх Бернард Мэдофф адамзат тарихындағы ең ірі «Mэdoff Investment» қаржы пирамидасының ірге тасын қалаған екен.
Ол жарты ғасыр бойы ірі компанияларды сазға отырғызуға негізделген қаржылық жүйені өмірге әкелді. Бұл процесс біздің елде 1993 жылдан бері қаржылық пирамида индустриясы «қарқынды» жұмыс істеп келеді. Қаржы салып «байып кеткендердің» өмірі туралы бейнероликтер халықтың көзін байлап, тереңдеп ойлануына апаратын жолды жауып тастағанын ұмыта алмай жүргендер әлі бар. Қазіргі таңда да жағдай мәз емес болып тұр. Қазір әлеуметтік желіні қолданбайтын адам жоқ шығыр. Сол жерде шұбырып жүрген жарнамаларға қарайтын болсаңыз, 150-200 мың айлық көрсеткішін жазып, тәжірибесіз болса да болады деп жұмысқа шақырамыз деген жарнамаларды шығарып қояды. Анықтап қарасаңыз, көбісі бір мекен-жайды көтсеткен. Ондай қаржы пирамидалары телефонда да, жарнамада да нақты мәлімет бермейді, кеңсе жұмысы деп қысқа қайырады. Тәжірибесіз адамға кім мұншалықты көп жалақы береді екен деп, көптеген жастар мен зейнеткерлер де алданып жатыр.
«Қазір көшеде студенттерге, жас қыздарға жұмыс деген жарнамалар көбейіп кетті. Менде сол жарнаманы көріп барған едім. Кеңсе жұмысы деп айтты. Барғаннан кейін бірден сабақ оқытып кетті. Кейіннен қаржы пирамидасы екендігіне көзім жетті. Жұмысым қандай деп сұрағанымда әлеуметтік желілер арқылы адам шақырасың және компанияға тіркелесің деп айтты. Тіркелу үшін ақша салып, зат алу керек екен. Ол жердегі нақты жұмыс жарнама таратып, адам шақырумен айналысу. Жеке өзім мұны алаяқтық деп қабылдадым. Себебі, олар маған кеңсе жұмысы деп шақырып алып, кейіннен өздерінің компанияларын таныстырды. Бірінші жұмыс күні кеңсе қызметімен айналысасың деді де, екінші күні Тяньшидің жұмыс жасау схемасын түсіндіре бастады. Пайдасы жоқ екендігін түсініп, шығып кеттім», – деді ХҚТУ студенті Шайра Жураханова.
Шынына келсек, әлеуметтік желідегі көптеген жарнамаларда 17 мен 35 жас аралығындағы кеңсе қызметкерлерін іздейміз, жалақысы 180-200 мың, деп көрсеткен. Ал, міндеттері тұтұнушымен дайын текст бойынша келіссөздер жүргізу, телефон қоңырауларына жауап беру, кеңсенің ішкі ұйымдастыру жұмыстарына қатысу деп жазыпты. Жұмыс уақыты 10:00 мен 17:00 аралығындағы уақытты көрсеткен. Мұндай айлық көрсеткішіне кімнің болмасын ойы кетері анық. Әсіресе студенттер, яғни біздің жастар. Жарнамадағы телефон нөміріне хабарласып көрген едік. Жауабы дайын кеңсе қызметі екендігін айтты. Қандай мекеме екендігін бірнеше рет сұрағанымызда жауап бере алмай, тек өздерінің үлкен компаниялармен байланысы бар екендігін, өздерінің жәй ғана филал екендіктерін айтып жанталасты. Жұмыс қажет болса қазір келіңіз деп мекен жайын айтып, Насиба Сайтмұратқызынан келдім деп айтуды өтінді. Сонымен айтқан мекен жайға жұмыс іздеуші ретінде барып көруді жөн көрдік. Компания филиалы Амангелді аялдамасындағы «FARABI» деп аталатын ағылшын тілі орталығын мекен еткен екен. Орталықтың бөлмелері нық толған адам. Ол мекеменің «Tiens» компаниясы, яғни «Тяньши» деп аталатын қаржы пирамидасы екендігі анықталды. Бұл компания халықаралық деңгейде 26 жыл, ал Қазақстанда 22 жыл жұмыс жасап жатыр екен.
Түркістан облысында жыл басынан 438 алаяқтық қылмысы тіркеліп, 306 ашылған. Ал, ағымдағы жылы облыста Қазақстан Республикасы ҚК-нің 217-бабы «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша қылмыстық іс тіркелмеген екен. Ақпарат ретінде айтып өтсек, бүгінгі таңда қаржы пирамида белгілері бар «Qnet» ұйымына қатысты Түркістан облысы аумағында қылмыстық іс тіркелмеген.
«Облыста тіркелген алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі интернет желісі арқылы жасалатынын полицейлер ескере отырып, Түркістан облысы тұрғындарына үнемі ескерту қағаздарын, жаднамалар таратып, арнайы әлеуметтік желілерде бейнероликтер әзірлеп таратуда. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы алаяқтық қылмысынан зардап шекпеуге болатынын түсіндіруде. Мәселен, бірінші кезекте өзіңізге ғана белгілі жеке мәліметтеріңізді, құжаттарыңыздың құпия нөмірлерін, банк картаңыздың кодтарын ешкімге беруге, тіпті көрсетуге болмайды. Күмәнді ұсыныс білдіретіндерге мүлдем сенуге болмайды. Оның ішінде ақшаңды еселеп көбейтіп беремін дегендердің құрығына ілініп, айласына түспеу қажет. Жалпы, қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдарды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің қатаң бақылауына алынып, жұмыстар жалғасын табуда», – дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Халықтың милииондаған қаржысын жымқырып жатқан ұйым «Qnet» қаржы компаниясы. Мұндай үлкен қаржы ұйымдары сізге психологиялық тұрғыдан шабуыл жасайды десек, қате пікір емес. Qnet желілік маркетинг болғандықтан мұнда адам тартады. Бұл желілік маркетинг тәртіппен жұмыс істейді. Яғни,өзіңіз Qnet-тің тауарын сатып алғаннан кейін, пайда түсу үшін 2 адам тіркеп , яғни «бизнес-серіктестер» табуыңыз керек. Ол 2 адам да Qnet-тің тауарларын сатып алуы тиіс. Егер сіздің қол астыңызға 2 адам тіркелсе, сіз алғашқы 200 долларды аласыз. Сосын олар да астына 2 адам табуы үшін оларды үйретесіз. Қол астыңыздағы сіз тіркеген 2 адам табыс табу үшін баланс жасау қажет. Яғни, 4 адам тіркеуі керек. Ал, олар баланс жасамаса сізге де, оларға да табыс түспейді. Жүйеге кіру үшін адамдар тауар сатып алуы тиіс. Ол үшін туристік карталары ұсынылады. Олардың бағасы доллармен сатылатындықтан 700 мың теңгеден бастап 1 миллион 500 мың теңгеге дейін барады.
Qnet-ке кірген адам оқытудан өтеді, яғни түрлі тәсілдермен өздерінің схемаларын көрсетіп, түсіндіре бастайды. Мысалы, «бірнеше мемлекетке барып бес жұлдызды қонақ үйде демала алатындығыңызды, көлік мініп, қымбат киімдер жайлы сөз қозғап, жеке ақша тауып, көтерілу» деп қызықтыра түседі. Және жақын адамыңызды осы бизнеске шақыруға үгіттейді. Адамдар әрине, ата-анасын, жақын бауырларын, достарын шақырады. Яғни, қандай адамдарға сөзің өтеді, соларды бірінші шақыр деген қағиданы ұстанады. Бірінші және екінші кездесулерде сіздің армандарыңызды, қайда жұмыс істеп жүргеніңізді сұрайды. Сосын санаға әсер ететін видеолар көрсетіп, сіздің қандай құрдымда жүргеніңізді айтып, сендіруге тырысады. Бұл «бизнес»-ке кірерде ешкіммен ақылдаспауыңызды, интернетке қарамауыңызды ұсынады. Олардың санасы бай адамдардың ойлау жүйесінен төмен деп бетін қайтарады. Критикалық ойлау жүйесі жоқ, сауаты аз адамдар мұнда тез кіріп кетуі мүмкін. Үшінші кездесуде жаңа шақырылған адамға осы «бизнес»-ке ақша алып келуі, болмаса несие алуы ұсынылады. Соған сеніп, пирамиданың құрбаны болып жатқандар көп. Бұл компанияға көптеген сындар айтылып жатса да өз жұмыстарын тоқтатар емес. Осы уақытқа дейін бірнеше Қазақстанның арналары Qnet компаниясына алданған адамдарға қатысты негатив жаңалықтарды көрсеткен. Мысалы, 31 телеарнасы 2020 жылдың 20 қазанында Талдықорғанда Qnet-ке қатысты 240 адамның шағымданғанын хабарлаған. Ал, 2021 жылдың қыркүйегінде «Астана» телеарнасының «Айтарым бар» бағдарламасында Qnet-тен зардап шеккендер туралы хабар көрсетілген, жалпы мемлекеттегі қаржылық пирамидаларға қатысты талқылаулар болған. 2021 жылдың маусымында ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі лицензиясы жоқ компаниялардың қара тізімін жариялаған кезде QNET «Халықаралық бюро консалтингі» ЖШС-і де сол тізімге енген. Яғни, заңмен құдалауға толық негіз бар.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.