- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақтағы эпидемиологиялық жағдайы бойынша брифинг болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н.Нышанов хабарлама жасады.
Департамент басшысы Н.Нышановтың мәлімдеуінше еліміз бойынша карантиндік шараларға өзгерістер енгізіліп, бірқатар жеңілдетулер қабылданған. Бұдан былай COVID-19 инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғандар ауру белгілері болмаса оқшаулауға алынбайтін болған. Бұрын 10 күнге үй карантиніне жіберілетін еді. Аурумен қарым-қатынаста болғандарда «ASHYQ» бағдарламасында «сары» статус белгісі болатын. Соңғы қаулы бойынша бағдарламадан «сары» деген статус алынып тасталған. Азаматтар нысанға кірерде тек қана «көк», «жасыл», «қызыл» мәртебелермен ғана анықталатын болады.
Сонымен қатар, «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, вакцинациялауға жататын адамдардың тізбесі кеңейтілді. Тізбеге бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі барлар және бірінші курсты аяқтау үшін шетелде вакцинаның бірінші дозасын алған адамдар кіреді. Ревакцинациялану үшін де «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және 50 жастағы және одан жоғары жастағы адамдар салдыра алды. (Алдын 60-жастан адамдарға ұсынылған болатын). Ел аумағына кіру үшін шекара өту бекеттерінде барлық азаматтар ПТР сынама тапсыратын. Қазіргі қаулыға сәйкес, ревакцинация алған немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 ай өтпесе, ПТР-тест жүргізу талап етілмейді. Қызметтің барлық түрлері үшін «сары» аймақтағы шектеулер алынып тасталды.
Білім беру ұйымдары мен балабақшаларға қойылған шектеу шараларындағы өзгерістер енгізілді. Атап өтсек, 1 инкубациялық кезеңде (яғни 10 күнде) – сыныпта немесе топта коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 30%-дан асса, бір ауысымдағы сыныптардың 30%-дан астамында Covid-19 ауруы анықталғанда, колледждерде, жоғары оқу орындарында бір ағындағы топтардың 30%-дан астамында коронавирус инфекциясы тіркелген кездерде ғана 10 күнге үй карантиніне оқшаулауға жіберіледі. Бұған дейін бір сыныптан бір оқушыдан анықталғанда, байланыста болғандардың барлығынан ПЦР сынамасы алынып, үй карантиніне жіберілетін. Мектепке немесе бала-бақшаға балаларын ертіп барған ата-аналар немесе заңды өкілдерінің ғимаратқа кіруіне тыйым салынған болатын. Соңғы қаулы бойынша бұл тыйымның да күші жойылғаны белгілі болды.
Пандемия басталғалы алғаш рет мұндай жеңілдетулерге қол жеткізіп отырмыз. Облысымызда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада аурушаңдықтың тіркелуі 87,7 % төмендеген. Яғни, 25 – қаңтар мен 7 – ақпан аралығында 611 КВИ жағдайы тіркелген. 8- 21 ақпан аралығында 75 КВИ жағдайы тіркеліп, 536 төмендеген. Эпидемиологтар жаңа қаулы бойынша аурумен қатынаста болғандардың симптомдары болған кезде ғана тіркеуге алады. Қаулы күшіне енген кезден бергі уақытта облыста ауру белгілері бар жағдайлар тіркелмеген. Дегенмен, карантиндік режимдер сақталуы тиіс. Бетперде тағып жүру керек, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау, көпшілік жиналатын орындардан мүмкіндігінше бас тарту қажеттілігі айтылды.
Ал, вакциянация бойынша облыста коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғандар саны 99,9% құрап отыр. Бұл өңір тұрғындары арасында белгілі бір иммунитеттің қалыптасқанын білдіреді. Ұжымдық иммунитетті күшейту үшін ревакцинациялау жұмыстары да жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 371 897 адам ревакцина алған. «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасының І-компонентін 186 230, ІІ-компонентті 132 943 азамат салдырған. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 165851-ы І-компонетті, ІІ-компонентті 118 083 құрап отыр.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.