- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жетісай ауданы, Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің тұрғыны Эльмира Қанайқызының негізгі мамандығы – мұғалім, ауылдағы мектепте бастауыш сыныпта сабақ береді. Кәсіпкердің бір ерекшелігі, ол 14 жылдан бері балық ұстап, одан түрлі тағам әзірлеумен айналысып келеді.
– Тұрмысқа шыққан кезде отағасы балықтан әртүрлі тағамдар жасап көрсетті. Ауылда өскенім болмаса, балық тағамдарын онша білмейтін едім. Уақыт өте келе өзім де жасауды үйрендім. Бұл салада өмірлік серігім Бақытжанды ұстазым десем болады. Қазіргі таңда балықтан 10-нан астам тағам және салаттар жасап, оны сатып пайда көремін. Білген адамға балықтың пайдасы өте көп. Құдайға шүкір, балаларымның денсаулығы жақсы. Бос уақытымда көлге түсіп, қармақпен балық аулаймын. Отағасына көмек беремін. Арасында ол той, жиындарға барып балықтан тағамдар жасап тұрады. Бір сөзбен айтқанда өзімізді өзіміз сүйреп келеміз. Балықтан тағамдар жасап беру бойынша халықтан тапсырыс көп түседі. Осындай тынымсыз еңбектің арқасында үй салдық, алған несиелерімізді жаптық, – дейді балықшы әрі ұстаз Эльмира Төлеева.