СЛАВЯН ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНГІСІ КЕЛЕДІ

745 көрілім

Қазақстанның берік ұстанымы – ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім. Бір шаңырақтың астында ұзақ жылдар бойы 140-қа жуық ұлт пен ұлысты, қырық түрлі дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктерді тату-тәтті ұстап отыру оңай емес.

Алайда, еліміз қанша уақыттан бері шашау шығармай, достық пен бірлікті ту етіп, ортақ мүддеге жұмылдырып, олардың ортақ Отаны бола алып отыр.

Егер кезінде еліміздің құрамы көпэтносты және көпконфессиялы болуына байла-нысты күмәнді болжамдар айтылып, сонау Тәуелсіздік алып, еліміз енді аяғынан тұра бастаған тұста сарапшылардың «Қазақстанды қақтығысқа қолайлы, яғни, конфликт қаупі жоғары аймаққа жатқызғанын» ескерсек, мұның қаншалықты қиын шаруа екенін түсінеміз. Алайда, тәуба! Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, күні бүгінге дейін еліміз мемлекет үшін ең маңызды ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен тұрақтылықты, достықты өзіндік ұстаным етіп өмір сүруде.

«Nur Otan» партиясындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру үшін жұмыс жасауда. «Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар» демекші бірлік бар жерде береке бар. Осы мақсатта, Славян этномәдени орталығының өкілдеріменбұрыннан мәслихат депутаты ретінде өте тығыз байланыстамын. Кездесу барысында бірнеше өзекті мәселе талқыланды. Атап өтетін болсам, ұйымды 2017 жылы алтыншы шақырылымның депутаты болған тұста техникалық жабдықтармен және ұлттық киімдермен қамтамасыз еткен болатынмын. Ал қазіргі уақытта осы құрылғылар істен шығып, ұлттық киімдері ескіріп, жаңасын алуға тура келіп отырған көрінеді. Сонымен қоса, өз сөзінде ұйым өкілдері орталыққа арнайы бөлме бөлінсе деген бұйымтайларын да жасырмады. Жиындар мен ұлттық іс-шараларын жүргізуге арналған кең бөлме қарастырып беруін сұрады.

Екіншіден, бұл орталық қаладағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының негізінде құрылған болатын. Бұрын өз алдына, жеке-дара кабинеттері болған. Қазір ол бөлмеде кәсіподақ ұйымының төрағасы отырған көрінеді. Сондықтан кеңдеу, бөлек орын болса, ұлттық жиындар мен мерекелік іс-шараларды өткізуге септігін тигізер еді деген өтініш айтты.

Үшіншіден, Славян өкілдеріне қазақ тілін үйрететін курстар болса деген тілектерін жеткізді. Тіпті менен қай жерден оқуға болатынын, қалай ақпарат алу керектігін сұрады. Мүмкіндік болса қазақ тілін оқыту мен үйретуден жәрдем берсеңіз деп отыр. Әрине, жоғарыда көтерілген мәселенің барлығын қалалық мәслихат депутаты ретінде жүзеге асырылуын бақылауға алатын боламын. Кездесу соңында, Славян этномәдени оралығы мен Александра Николайға «Nur Otan» партиясының артынан алғыс хат табыстап, «Культура и быт казахов» кітабын сыйға тарттым.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев талай рет атап өткендей, этносаралық және конфессияаралық татулық – біздің баға жетпес байлығымыз. Оның үстіне, өзге ұлт мәдениеті мен дәстүрінен хабардар болып, керек уақытта қол ұшын соза білгеннің өзі қанға сіңген асыл қасиетіміз бен қазаққа ғана тән тектілігіміздің арқасы деп білемін.

Сакен ХАНДИЛЛАЕВ,

Nur Otan партиясы, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы