Түркістан локомотив пайдалану депосына – 115 жыл Көне қаладағы ең байырғы кәсіпорын

1  825 көрілім

Түркістан локомотив пайдалану депосы қаладағы ең көне кәсіпорын. Өткен ғасырдың басында 1904 жылы Түркістаннан Арысқа және Шиеліге алғашқы паравоздар шыға бастаған. Бұрынғы теміржол жүйесі – мемлекет ішіндегі мемлекет іспеттес. Өздерінің ауруханасы, мектебі, су мұнарасы тағы басқа қосымша қызмет жүйелері болған. Таяу жылдарға дейін локомотив пайдалану депосы қасында локомотив жөндеу депосы да қызмет атқарған. Жөндеу жұмыстарымен мыңнан астам жұмысшы және қызметшілер айналысқан. Бүгінгі күнде жөндеу депосы жабылған. Мамандар мұны ғылыми техника жетістігінің нәтижесі деп бағалайды. Себебі, бұрынғы тепловоздар әр 5-10 мың шақырым жүруден соң жөндеуді қажет ететін. Қазіргі ең заманауи ТЭ-33А(ЭВОЛЮШН) алып тепловоздары 120 мың шақырым жолды жөндеусіз басып өту құдіретіне ие. Ал, оларды жөндеу жұмыстары Сексеуіл станциясында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда локомотив депосында 384 маман қызметшілері еңбек етеді. 23 магистралдық және 2 маневр тепловоздарды жүргізетін 65 машинист және 65 машинист көмекшілері жазғы маусымға дайындалған. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистраліның пайдалануға берілгені теміржолшылар үшін бәсекені күшейтсе де, олар жұмысқа оптимистік тұрғыдан қарайды. Өйткені, теміржол ең сенімді және қолайлы транспорт.

Таяу күндерде, атап айтсақ, тамыз айының бірінші он күндігінде «Ташкент – Түркістан» жүйрік поезінің тұрақты жүре бастауы пікіріміздің дәлелі. Бұл поезд көрші Өзбекстаннан киелі Түркістанға келетін зияратшы туристер санын көбейтуге және оларға қызмет көрсетуге арналған. Депо аумағына кіру қатаң әскери күзет бақылауында. Аулаға алғашқы қадам басқан кісі еріксіз түрде өзін ашық аспан астындағы теміржол техникасы музейіне кіріп қалғандай сезінеді. Депо әкімшілігінің үш қабатты зәулім ғимараты алдындағы алаңда орнатылған релсте аңызға айналған көне паравоздың Қазақстан бойынша сақталған соңғы нұсқаларының бірі қойылған. Оның қабатында жолаушылар вагонының нұсқасы тұр. Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап халық шаруашылығына көп қызмет жасаған 2Т10М сериялы тепловоз нұсқасы да осы жерде орнатылған.

Музей бағытындағы тірліктер мұнымен шектелмейді. Әкімшілік ғимаратындағы 80 шаршы метр алаңда орналасқан арнайы теміржол музейінде депоның бір ғасырдан астам тарихы, 1904 жылдан бүгінгі күнге дейінгі мәліметтер, жетістіктер, сүреттер орын алған. Локомотив пайдалану депосының бастығы Жомарт Бегежанұлы Наршабеков, орынбасарлары Мингали Рахымұлы Аблаев, Еркеғали Юсупұлы Тауасаров, жөндеу бөлімінің бастығы Нұрлан Сыздықов, қауіпсіздік қызметінің бастығы Ербол Қасымбеков, бас есепші Бауыржан Қозжановтар осы көне тарихқа ие мекемеде қызмет жасайтындықтарын мақтаныш тұтады. Өздерінің төл мерекелерін депо ұжымы лайықты табыстармен қарсы алуда. Шілде айында үнемделген дизель жанар-жағар май мөлшері 100 тоннадан астам болса, негізгі көрсеткіштер – учаскелік жылдамдық 100,1%, техникалық жылдамдық 100,1%, локомотив тиімділігі 102,7% болып орындалды. Түркістаннан Арысқа дейінгі қашықтық 112 км, Шиеліге дейінгі – 156 км. Теміржолда қауіпсіздікті сақтау – басты мақсат. Шорнақ учаскесінде екі жыл бұрын түнгі мезгілде жолаушылар поезі жол үстіндегі түйелерді соғу қаупі тәжірибелі машинист пен оның көмекшісінің сергектігі арқасында адам апатынсыз аяқталды. Мұндай кездерде, яғни теміржол үстінде түйе, жылқы тағы басқа жануарлар локомотивпен соғысуы орын алатын болса сол малдың иесі кеткен шығынды, тағы айыппұлды төлеуі заң жүзінде қарастырылған. Мектеп оқушыларының тоқтап тұрған поез вагондары астынан өтуге әрекеті кезінде поезд жүріп кетіп, жарақат алған жағдайлары кездеседі. Құлағына құлаққап таққан оқушылардың ата-аналарының құлағына алтын сырға деп айтатынымыз – сақ болу керек, сақтану керек, осыған балаларды үйрету керек.

Арыс қаласында орын алған апат кезінде Түркістан депосы машинисті А.Раджапов пен оның көмекшісі А.Шамуратов жүк поезін Арысқа енді алып кірген кезде басталған жарылыстарға қарамастан бригада өз міндетін аяғына дейін адал атқарып, жүк поезін мекен-жайына жеткізіп, локомотивті депоға қойып моторын өшірген. Соңынан өздері Шымкентке арыстықтармен барып, кейін Түркістанға келген. Маусым айының 24-28 күндері көрші Қызылорда облысынан келе жатқан барлық жолаушы поездары Түркістанда тоқтап, жолаушылар Шымкентке дейін автобустермен жеткізілді. Шымкентке келген поездардың жолаушылары да Түркістанға дейін автобуспен тасымалданып, ары қарай поезға ауысқан. Барлығы 16 жолаушы поездарындағы 6400 жолаушы кедергісіз осы жолмен сапарларын жалғастырған. Түркістан локомотив пайдалану депосының ұжымы осы сындарлы қиын күндерде станция және вокзалдағы әріптестерімен бірге өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Тоғыз жолдың торабы Түркістан локомотив пайдалану депосы ұжымын төл мерекелерімен құттықтап, олардың еңбектеріне табыс, мықты денсаулық тілейміз.

Ш.МАДАЛИЕВ.

Ш.МАДАЛИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы