ТЕГІҢНІҢ ТҮЗЕЛУІ ТАМАҒЫҢДА, ҚАРАҒЫМ!

869 көрілім

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тектік жаңғыртылған өнімдерді тұтыну деңгейі жылдам өсіп барады. Жастар мен балалар шетелдік жылдам пісетін тағамдарға үйір. Ол тағамдардың қандай өнімдерден жасалғанына жете мән бере бермейді. Әсіресе, адам ағзасының бұзылуына әсер ететін (ГМО) тектік жаңғыртылған өнімдер азық-түлік нарығына дендеп енуде.

Мәселен, Канаданың дихандары қамбадағы астықты қоймай бара жатқандықтан тышқандарға қарсы шара қолдануды сұрап көмекке ғалымдарды шақырған екен. Ғалымдар бидайдың құрамына мысықтың жасушасын енгізген соң, тышқан атаулы қамбаның маңына жоламай кеткен.

Бельгиялық қоян өсірушілер нарықта аса сұранысқа ие асқазанның қорытуына да жеңіл етке тапсырыс берушілердің түнде де келуіне орай, ғалымдардан түнде қояндарды тауып алу мүмкіндігін жасауды сұрайды. Ғалымдар өзара ақылдаса келе, теңіз жәндігі медузаның жасушасын қоянның ағзасына енгізгеннен кейін, түнде де күндізгідей медуза іспетті жарқырап жүретін қояндарды ұстап алу әлдеқайда оңайға түскен көрінеді.

Израйльдік тауық өсірушілер құстың жүнін жұлып отыруды қиынсынғандықтан тұттай жалаңаш тауықтарды өсіруді қолға алды. Мұны тауық табиғатына қиянат қана емес, жалаңаш тауықтың жүгіріп жүргенін көрудің өзі аса аянышты.

Қазақстан нарығында Қытайдың үлкен, сырты жылтыраған дәмсіз, нәрсіз еш құрт теспеген қызыл алмасын тұтыну еселеп өсіп барады. Көп адамдар бұл алмаларға құрттардың жоламау себебіне назар аудара бермейді. Бұл алмаларға құрт жоламау үшін сырты балауызбен өңделеді. Ал, балауызды адам ағзасы қорытпағандықтан ол жасөспірімнің соқыр ішегіне жиналып, ас өтпей тұйықталуына әкеледі.

Жан-жануарлар ағзасына цитотоксиндер енгізу ғасыр бойы жалғасып келеді. Цитотоксиндер (грекше kytos – ыдыс, бұл арада клетка және taxikon-y) – түрлі ткань, орган клеткасы элементтерімен иммунитеттегенде ағзада түзілетін ерекше қабілеті пайда болып, ағзадағы зиянды заттарға қарсы қуаты күшейеді. Цитотоксиндерді алғаш бельгия ғалымы Ж.Борде,И.Мечниковтің зертханасында теңіз шошқасын үй қояны қанымен имунитеттегенде цитоксин-гемолизин пайда болатындығын ашқан. Бұдан кейін түрлі зерттеушілер бүйрек жасушаларына қарсы нефроцитотоксиндер, бауыр жасушаларына қарсы гепацитотоксиндер, лейкоцитотоксиндер, супрареноцитотоксиндер, нейроцитотоксиндер, панкреацитотоксиндер, кардиоцитотоксиндер тағы басқаларды ашқан. Организмге ткань, орган элементтерін енгізгенде Цитотоксиндер түзілуінің бірнеше түрі байқалады. Ғалымдар зерттеуін жалғастыра келіп басқа түрге жататын жануар жасушасы енгізілсе, гетороцитотоксин түзіледі. С, сол түрге жататын жануар ткані, бірақ генетикалық өзгеше бағыттағы жануарлар жасушасы енгізілсе, изоцитотоксиндер, ал жануардың өз ткані енгізілсе, аутоцитотоксиндер түзілетіндігін тәжірибе жүзінде анықтады. Цитотоксиндердің артық мөлшері тиісті ағзаның қызметін бұзады. Кейбір белсенді элементтері цитотоксиндердің уытты әсерінен тіршілігін жояды. Кейбіреуі тіршілік қабілетін сақтап қалғанымен өзіне тән қызметін атқара алмайды не әсері өзгереді.

Міне, біз осы жерде балалар күні бойы құмарланып жейтін (кириешки) қытырлақ кептірілген нан, мен кока-коланы көп мөлшерде тұтынудың бала ағзасына қаншалықты зиян екендігін зерделеуіміз керек. Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде қытайлық кәсіпорындарда етті, қырықаббатты, ең арғысы жұмыртқаны қолдан табиғи емес жолмен жасаушыларды көрсетуде.

Қазіргі жаппай жаһандану кезінде азық-түлік қауіпсіздігіне мемлекеттік тұрғыда назар аударып, барынша абай болғанымыз жөн. Академик Төрегелді Шарманов бастаған қазақ зиялылары барынша тез дайындалатын фастфуд өнімдерден бас тартып, балалар мен жасөспірімдерді отандық тағамдарды тұтынуға шақырады. Оның ішінде жылқы өнімдерін тұтынудың ғасырлар бойғы жалғастығын тапса, жас ұрпақтың да иммунитеті жоғары, дені сау болып жетілетіндігін сөзбен де, ісімен де дәлелдеп келеді. Ендеше, жылқы етін жеп, саумалын ішіп жетілген ұрпағымыздың тегі таза болатындығы әмбеге аян.

Ескендір ЕРТАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы