“Өнерім – көңіл шуағым”: Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай ерекше жандарға арналған ән байқауы өтті

335 көрілім

Бүгін қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай “Өнерім – көңіл шуағым” атты зағип жандар арасындағы ән және көркемсөз байқауы өтті. Рухани шараға 20-ға жуық өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар ән мен көркемсөз номинациялары бойынша сынға түсіп, тыңдаушылардың ыстық ықыласына бөленді.

Сайысқа арнайы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, Түркістан қаласы «Әйелдер алқасының» төрайымы Ұлжан Мұстафаева және “Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің” төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысып, қатысушыларға қолдау көрсетті.

Байқаудың әділқазылар алқасының құрамында Түркістан қалалық мәдениет үйінің дәстүрлі әншілері Ақмарал Көлбаева мен Майгүл Тұрыскелдиева, сондай-ақ музыкалық жетекші Райымбек Бақытұлы болды. Олар қатысушылардың өнерін кәсіби тұрғыда бағалап, әділ шешім шығаруға тырысты.

Кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы мен өмірі жайлы естеліктер айтылып, оның әндеріне байланысты қызықты мәліметтермен бөлісілді. Музыка әлемінің жарық жұлдызына айналған композитордың рухына тағзым ретінде өткен бұл кеш – шын мәнінде әсерлі әрі жүрекке жылу сыйлаған шара болды.

Байқау соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Шара – өнер мен рухтың, мейірім мен жігердің көрінісіндей есте қалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы