Бүгінде Сарыағаш шипажайлары Түркістан облысындағы туризмнің бір бағыты ретінде дамып келеді. Түркістан облысында туризмді дамытудың үш бағыты қолға алынған: тарихи-мәдени, емдік-сауықтыру, табиғи орындары. Емдік-сауықтыру туризмі дегеніміз осы – Сарыағаш шипажайлары. Бүгінде елімізге және көршілес, одақтас мемлекеттерге кеңінен танымал Сарыағаш курортында орналасқан 53 шипажай сауықтыру бойынша түрлі қызметтер көрсетіп, минералды судың адам ағзасына әлсірене негізделген емдік процедуралар ұсынады. Бұлардан бөлек, бір балалар шипажайы, бір балалар лагері, бір демалыс базасы бар. Әрбір шипажайдың парақшасында қызметі туралы толық мәлімет, жолдама бағасы, осы бағаға кіретін қызметтер тізімі, фотосуреттері, байланыс телефондары және басқа пайдалы ақпараттар берілген.
Жалпы туризмді дамыту үшін саяхатшыларды орналастыратын заман талаптарына сай қонақүйлер қажет. Бүгінде Сарыағаш ауданында 21 қонақүй бар. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының әкімдігі басшылығының, яғни біздің араласуымызбен өткен жылға жоспарланған 2 қонақүйдің құрылыстары аяқталып, іске қосылды.
Былтыр аудан көлемінде туристік сала бойынша жалпы құны 230 миллион теңгені құрайтын үш жоба «Таң нұры» «Келес Арасаны» шипажайлары мен «Керуен» емдеу-сауықтыру орталығының қосымша ғимараты іске қосылып, 45 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Нәтижесінде 2022 жылдың 10 айында аудандағы шипажайларға 80 мыңнан астам демалушылар келіп, қажетті емін алып, демалып қайтты. Былтыр 10 айда 68 мың адам болған, яғни бұл бағытта біршама өсім бар. Сарыағаш аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлайдар Әмірхановтың айтуынша, Сарыағаш ауданында туризмнің болашағы зор. Сол себепті де туристік салаға тартылып жатқан инвестиция мол.
«Оңтүстік дегенде оның аграрлық облыс екені қатар айтылатын. Соңғы жылдары Түркістан облысының да бірден-бір дамуы осы туризммен жиі байланыстырылып жүр. Ал, Сарыағаш дегенде ең алдымен есімізге шипажайлар келеді. Ауданымыздағы емдеу-сауықтыру шипажайларын бұл күндері білмейтіндер кемде-кем шығар. Негізі Түркістан облысы құрылмай тұрып-ақ Сарыағаш өңірі Қазақстанымызға ғана емес, көршілес алыс-жақын шет елдерге шипалы суымен көбірек танылған. Қаншама адамдар жыл сайын Сарыағашқа келіп, жандарына дауа, дерттеріне шипа тауып жатады. Біздің ауданда қаншама шипажайлар бар болса да жұрт жалпылама Сарыағаш санаторий деп бір-ақ атайды. Біз де соған үйренгенбіз, санада солай қалыптасып қалған. Оның себебіне үңілу үшін шипажайдың шығу тарихын білу керек. Сондықтан қысқаша болса да айтпай болмас. «Сарыағаш» емдеу оңалту кешенінің қалыптасу тарихы 1946 жылы Орталық Азия мұнай барлау тресінің атақты геологы Адам Апшеронов басқарған топ қара алтын іздеп жүріп, бұрғылау барысында мұнайдың орнына өз бетінше атқылаған ыстық су шығуынан басталады. Геологтар іздегенін таппағаннан кейін кетіп қалған.
Олар ол кезде мұнайдан да бағалы құнды шипалы қайнар көзін ашқанын, оның кейін халық игілігіне айналатынын білмеген де шығар. Жер астынан шыққан су ыстық та, мөлдір және дәмді жұмсақ жағымды. Бұл жер Келес өзенінің түстік жағы Кереге тас маңынан 1,5 шақырым қашықтықта еді. Төңіректегі ауылдардың тұрғындары сол суды ішкеннен кейін асқазан, ішек сырқаттарынан айыққаны, жерді оя салып оған су толтырып, ванна қабылдаудан аяқ-қолдың қақсауынан, белдің шойырылуынан қол үзгендері байқалған, — дейді Әлайдар Әмірханов.
Сонымен қатар іргесінің қаланғанына 3 жыл толған жаңа діни орталықтың тарихына тоқталсақ, Алматыда 2009 жылы өткен ҚМДБ-ның кеңейтілген төралқа мәжілісінде Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш медресесін 2010-2011 жаңа оқу жылынан бастап Діни басқарма құзырына алу мәселесі талқыланып, шешім қабылданған болатын. Медресе аудан орталығы Сарыағаштан 14 шақырым жерде. 1955 жылы Абдуллаұлы Атауллаһ қари осы ауылдың солтүстігіндегі Келес өзені бойынан мешіт салдырған. Жергілікті халық оны «Таяқты ишан» деп атап кеткен. Ол 1860-1959 жылдар аралығында өмір сүрген. Көнекөз қариялардың айтуынша қари Бұхара медресесінде 45 жыл ұстаздық етіпті. Сол себепті мешітке сол кісінің аты берілген. Колледж ғимаратын мешітке жапсарластырып 1989 жылы Шәкір ишан Сманұлы ауыл азаматтарының көмегі және өз қаражатына көлемі 12х66 метрлі екі қабатты ғимарат тұрғызған. Содан 2000 жылға дейін ол «Таяқты ишан» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсы деген атпен өз бетінше жұмыс істеп келді.
Оқу орны республика бойынша дін мамандарын даярлайтындықтан 2010 жылдың 29 шілдесінде елдің барлық аймағынан алғашқы 55 талапкер қабылдаған. 2016 жылдың қаңтар айында медресе колледж статусын алды. Ендігі кезекте тек қана 11-сыныпты бітіргендер емес, 9- сыныпты бітірген ұл қыздарды қабылдайды. Медресенің оқу жоспары мен негізгі оқулықтары Діни басқарма тарапынан бекітіліп, тиісті министрліктің Техникалық және кәсіптік білім департаментімен келісілген. Медреседе білім беру қызметін толық штаттағы оннан астам оқытушы жүргізеді. Барлық оқытушылардың діни және зайырлы жоғары білімдері бар. Қазақстандық және шетелдердің университеттерін тәмамдаған. Медресе кітапханасында 6000-ға жуық кітап қоры бар. Электрондық тасымалдағыштардағы ақпарат жүйесі қалыптасқан. Кітапханада мұсылмандық ілімнің тәпсір, ақида, хадис, ахлақ, фикх салалары бойынша кітаптар жинақталған.
Айта кетейік биылғы жылы Сарыағашта 4 емдеу сауықтыру орталығы мен 2 қонақүй жобасын іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 85 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінгі таңда жаңағы төрт сауықтыру жобасының екеуі іске қосылды. «Алтын шаңырақ» шипажайының қосымша ғимаратының құрылысы аяқталып, қосымша жұмыс орындары ашылды. «Бибі Ана» атты шипажай да демалушыларды қабылдауға дайын. Қалған екеуі жыл соңына дейін іске қосылатын болады. Нәтижесінде, биыл туристік салаға жалпы 1,2 млрд теңге инвестиция салынды. Түркістан облысында туризмді дамытудың қолға алынған тағы бір бағыты – тарихи-мәдени сала Сарыағаш ауданында да дамып жатыр.
Туристер көбірек келетін негізгі төрт мәдени-тарихи нысанымыз бар. Олар – Жабай ата, Ер Дәуіт, Шәймерден ата, Иса ата кесенелері. Олар туралы айту үшін де тарихын білгеніміз абзал.
Жабай ата – Жабай батыр Абылайхан заманында өмір сүрген. Ұлы дала тұлғасы батыр ғана емес, жауға тойтарыс беруші қолбасшы да болған. Ел ішінде Жабай батырдың Абылайхан тұсында ел басқарғаны, Төле бидің тұсында бас қақпалардың бірін жаудан күзеткені жайлы деректер айтылады. Ол кісі ержүрек батыр, қаймықпайтын, жұртты ұйыстыра білген дана болған. 1741 жылдары қалмақ соғысында үлкен ерлікпен көзге түскен. Соның арқасында Абылайхан ризашылығын білдіріп өзінің ақ туын табыс еткен екен. Осыдан үш жыл бұрын Жабай атамыздың кіндік қаны туған Әлімтау даласында ас беріліп, құран бағышталып, 290 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Жабай атамыз жайлы деректер жинақталып, кітап шығарылды.
Сарыағаш курортты аймағындағы «Маржан су» шипажайына келуші туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Мұнда елімізге белгілі «Сарыағаш» минералды суының негізінде қолайлы бағамен сауықтыру процедуралары мен жақсы демалуды, сондай-ақ, жайлы стандартты нөмірлер мен жартылай люкс бөлмелерінде тұруды ұсынады. Әр бөлмеде душ, теледидар, тоңазытқыш, жаңа жөндеу бар ванна бөлмесі бар. Турлардың бағасы сіз таңдаған бөлмелердің түріне байланысты өте қолжетімді. Көпшіліктің айтуы бойынша бұл шипажай өте жақсы курорт. Аулада емдеу, минералды су, жоғары санатты қызметкерлер, кең, таза бөлмелер, кондиционер, душ, бассейн, үлкендер мен балаларға арналған. Мұнда шөптермен және майлармен ингаляция жасалады. Эфир майларының дайын композицияларының ең танымал ингаляциясы, өйткені бірге әрекет ететін майлар бір-бірінің қасиеттерін арттырады. Ингаляция үшін композицияның бірнеше тамшысын қағаз майлықтарға, орамалға немесе мақта жастықшаларына жағып, жаныңызға қояды.
Суық ингаляциялар хош иісті диффузорлар мен хош иісті медальондардың көмегімен кең таралған. Хош иісті диффузорлар үй ішіндегі ауаны дезинфекциялау үшін жарамды — мысалы, бөлмеде немесе кеңседе. Сұйықтыққа бірнеше тамшы эфир майын қосып, есіктер мен терезелерді жабық күйде қосады. Хош иісті медальондар вирустар мен инфекциялардан жеке қорғаныс үшін тиімді (мысалы, саяхатта, кеңседе, жұмысқа бара жатқанда): медальонға бір-екі тамшы эфир майын тамызып, оны мойныңызға іліп қойыңыз. Ылғалдағышқа арналған суға эфир майының бірнеше тамшысын қосуға болады.
Шипажайда жақсы демалып, сапалы емделуге барлық жағдай жасалған. Шипажайда жайлы бөлмелер және заманауи жабдықталған медициналық бөлім бар. Білікті дәрігерлер мен көмекші медициналық қызметкерлер демалысты ұмытылмас етеді. Бағасы да қалтаны ұрмайды. Келесі жылы бүкіл елімізге тіпті алыс-жақын шетелге белгілі десек, қателеспейміз «Сарыағаш» шипажайының құрылғанына 60 жыл толады. Қазақстанның мақтанышына айналған емдеу орталығының іргесінің қалануына еліміздің сол кездегі басшыларынан бастап, қарапайым азаматтарына дейін білек сыбана атсалысты.