ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА САУМАЛМЕН САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

376 көрілім

Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.  

Бүгінде таулы аймаққа баратын жолдар жөнделіп, табиғатымен ерекше ауданға ішкі туризмді айтпағанда, алыс-жақын шетелдерден қонақтар ағылып келуде.

2023 жылдың 9 айында 31884 демалушы келіп,  691,2 млн теңгеге қызмет көрсетілген.

Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп, туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруы бағытында жобалар жүзеге асуда.

Туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан құны 3,6 млрд теңгеге 7 туристік нысандар ашылды.

Атап айтсақ, «ALMA-TAU»  тау курортында  құны 2 млрд теңгеге бағаланып отырған қонақ үй және спорт кешені  ашылып, мұнда  30 адам жұмыспен қамтылған. Ал Нысанбек елді мекенінде құны 240 млн теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс орны, сонымен қатар Қасқасу ауыл округінде «Кіші Еуропа» демалыс аймағы мен Ақмешіт шатқалында К.Ысқақовтың демалыс аймағы ашылды.

Тағы бір айта кететін жоба Зертас ауыл округінде жеке кәсіпкер К.Қожамжарова саумалмен сауықтыру орталығын іске қосты. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, Алатау ауыл округінде  жеке кәсіпкер Х.Назарованың демалыс орны ашылған.  Бүгінгі таңда Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн теңгеге саумалмен емдеу орталығы іске қосылды. Кешенде тәулігіне 20 адам ем алуда.

Одан өзге жыл аяғына дейін Қасқасу ауыл округінде жеке кәсіпкер М.Күмісовтың құны 150 млн теңге болатын демалыс аймағы ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда.

Нәтижесінде  келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.  Бүгінде таулы аймаққа баратын жолдар жөнделіп, табиғатымен ерекше ауданға ішкі туризмді айтпағанда, алыс-жақын шетелдерден қонақтар ағылып келуде.  2023 жылдың 9 айында 31884 демалушы келіп, 691,2 млн. теңгеге қызмет көрсетілді. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп, туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруы бағытында жобалар жүзеге асуда. Туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан құны 3,6 млрд. теңгеге 7 туристік нысандар ашылды. Атап айтсақ, «ALMA-TAU» тау курортында құны 2 млрд. теңгеге бағаланып отырған қонақ үй және спорт кешені ашылып, мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған. Ал Нысанбек елді мекенінде құны 240 млн. теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс орны, сонымен қатар Қасқасу ауыл округінде «Кіші Европа» демалыс аймағы мен Ақмешіт шатқалында К.Ысқақовтың демалыс аймағы ашылды.

Тағы бір айта кететін жоба Зертас ауыл округінде жеке кәсіпкер К.Қожамжарова саумалымен сауықтыру орталығын іске қосты. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ Алатау ауыл округінде жеке кәсіпкер Х.Назарованың демалыс орны ашылған. Бүгінгі таңда Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылды. Кешенде тәулігіне 20 адам ем алуда.

Одан өзге жыл аяғына дейін Қасқасу ауыл округінде жеке кәсіпкер М.Күмісовтың құны 150 млн. теңге болатын демалыс аймағы ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.

Жылдың қай мезгілінде барсаң да, өзінің тамаша табиғатымен тамсандырып тұратын Төлеби ауданына жердің жәннаты деп баға беретіндер аз емес. Былтыр тұмса табиғатымен талайларды таңғалдырған Төлеби ауданына 90 жыл толды. Аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді.

Мұнда туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Бұл сала айтарлықтай дамып келеді. Ішкі туризмді айтпағанда, алыс-жақын шетелдерден келетін қонақтар да алдымен Түркістан қаласына аялдаса, одан кейін тау бөктеріндегі Төлебиге асығады. Яғни Түркістан рухани тұрғыдан тартса, Төлеби таза ауа, тамаша табиғатымен қызықтырады.

Аудан үшін туризм саласы өте үлкен маңызға ие. Табиғаты ғажайып, ауасы таза өңірдің әлеуеті өте жоғары.

Туризм саласы арқылы ауданның имиджін қалыптастыру мүмкіндігі мол. Туристер, демалушылар ауданда тынығып қана қоймай, мәдениет, әдет-ғұрып пен дәстүрлер жөнінде толық ақпарат алады. Сондай-ақ, бұл сала ауданның бюджетіне қомақты қаржы түсіріп қана қоймай, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызады.

Президент Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, жаңа жобалар іске асып жатыр. Бұл ретте, Төлеби ауданындағы демалыс аймақтарына апарар жолдар жөндеуден өткізілді. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарын негізгі 3 бағытта іске асыруда. Мәселен, Төлеби ауданындағы жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын туристік бағыттағы 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, облыстық маңызы бар КХ-31 «Қасқасу қысқы демалыс аймағы» автомобиль жолының 10,2 шқ және КХ-170 «Біркөлік санаториясына кірме жол» автомобиль жолының 6,2 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

Бекітілген сметалық кұжаттамаға сәйкес, ескірген асфальт жабыны толығымен жаңартылып, аяқ жолдар салынды. Сондай-ақ, таулы аймақтарда көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында темір дөңгелекқағарлар және елді мекендерге диодты жарықтандыру шамдары орнатылды.

Бұдан бөлек, жол таңбалары сызылып, тиісті жол белгілерімен қамтылды. Таулы аймақта жауын-шашын кезінде асфальт жабындысын су шаюдан сақтау мақсатында 14 жерде су өткізгіш құбырлар ауыстырылып, суағарлар орнатылды. Айта кетейік, бұған дейін облыстық маңызы бар КХ-93 «Кеңесарық-Қасқасу – Майбұлақ» (1,6 шқ) автомобиль жолы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын.

Былтыр аудан аумағында «Қасқасу» туристік – рекреациялық аймақтың құрылысы жалғасын тауып, «Шипабұлақ» демалыс аймағы кеңейтіліп, «Alma-Tau» таулы курортында қосымша қонақүй мен спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Тауларда қоңыр, сұр, жазықта саздақты топырақ таралған. Дала өңірінде астық тұқымдас шөптер, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, т.б. тау бөктерінде жеміс ағаштары өседі. Аудан аумағында: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін, т.б., құстардан – бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам, өзендері ағып өтеді.

Ақсу өзені өзінің бастауын Тянь-Шань тауынан арнасын алады. Аудан аумағынан өтіп, Сайрам, Ордабасы аудандарының тоғысқан жеріне — Арыс өзеніне барып құяды. Тау суы тұнық, ал дәмі керемет, әрі балдай. Таудың қоңыр салқын ауасы мен табиғатының шексіз сұлулығына қызығушылар үшін Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы таптырмас демалыс орны болы саналады. Парк территориясында Өгем жотасының ең биік жері Сайрам шыңы болса, Өгем, Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Даубаба және Көкбұлақ өзендері де ағып өтеді.

Табиғат аясында тынығушылар саны жыл санап артып келеді. Ауданның табиғи ерекшелігіне орай туризм кластерін дамытуға өте ыңғайлы. Осы салада аудан аумағында жалпы 139 туристік нысан жұмыс істейді. Олар 1 шаңғы базасы, 2 емдік-сауықтыру орны – «Біркөлік» санаториясы және «Ақкен» саумалмен емдеу орталығы, 72 демалыс аймағы және 64 саяжай.

Былтыр ауданға  34552 демалушы келіп, жалпы 662 млн.416,0 мың тенгеге қызмет көрсетілді. Ауданның демалыс орындары тұрғындарға жыл мезгілдеріне орай тауда тынығу, атта серуендеу, шаңғы тебу, сырғанау секілді қызмет түрлерін ұсынады. Қыс мезгілінде таудың әсемдігін тамашалап, таза ауамен тыныстап, шаңғы тебу үшін «Тау Самалы» демалыс аймағының «Алатау» тау шаңғы базасы, «Алма-тау» тау курорты қызмет көрсетеді. Ал, емделушілерге «Біркөлік» санаториясы, «Дихан Тау» саумалмен сауықтыру орталығы жұмыс жасауда. Балық аулауға арналған «Сақ» демалыс аймағындағы 3 көлде карп пен форель балықтары өсірілуде.

Сонымен қатар тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» құрылысы жүріп жатыр. Кешен іске қосылғанда туристер саны едәуір артады деп күтілуде.

Былтыр Диханкөл елді мекенінде жеке кәсіпкер Э.Еспенбетова «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы мен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы қаржыландыру нәтижесінде саумалмен сауықтыру кешенін іске қосты. “Дихан Тау” саумалы сауықтыру орталығының жоба құны 57 миллион теңгені құрады. Кешен бір мезгілде 25 отбасын қабылдай алады.

Қасқасу ауылының Сарыбұлақ шатқалындағы Ақмойнақ тауының бөктерінде «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын жүргізуге 1,7 млрд. теңге қаралды. Кешен іске қосылған уақытта қоңыр күзден көктемнің ортасына дейін шаңғы тебуге мүмкіндік тумақ. Жазда тау баурайындағы демалыс аймақтары туристерге қызмет көрсетеді. Демек, Қасқасуда жылдың барлық мезгілінде демалуға мүмкіндік ашылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы