ШАҺАРҒА 20 ЖАҢА АВТОБУС КЕЛДІ

1  976 көрілім

Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына биыл 5 жыл толды. Бұл орайда, сәулеті мен әлеуеті күн сайын қарыштап дамып, көркіне көз сүйсінетін Түркістан қаласында қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр.

Алдағы уақытта жаңарған шаһардың тұрғындарының игілігі үшін 20 жаңа автобус берілмек. Шараға арнайы қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қоғамдық көліктердің техникалық мүмкіндіктерін зерделеп, мамандармен пікірлесті.

Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 144 автобус алынып, қалаішілік №1, 1а, 2а, 4а, 5, 5а, 6, 8, 10, 14, 15, 17, 18, 20, 30 бағыттарына сыйымдылығы жоғары автобустары жүргізіліп, №16 бағыт жаңадан құрылған. Сонымен қатар, қазіргі таңда 20 автобус алынып, №7, №31 бағыттарындағы шағын автобустар сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстырылады.

Жаңадан келген Saz LE-60 маркалы автобустар ЕВРО-5 экологиялық стандарттарына сәйкес, Өзбекстан елінде өндіріледі. Жалпы сыйымдылығы 60 адамға арналған. Сонымен қатар автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус және қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобус салонын, сыртқы бейнені түсіретін бейнебақылау камераларымен қамтылған.
Қалаішілік бағыттардың барлығына электронды төлем жүйесі енгізілген. (QR код, карталай төлем, СМС төлем және т.б.)

Айта кетейік, шаһар тұрғындарына қазіргі уақытта 21 қоғамдық көлік бағыты тынымсыз қызмет етуде. Бұл бағыттарға «Жолаушы» ЖШС-і және «ТехПрофАвто» ЖШС-і мекемелері қызмет көрсетеді. Атап айтар болсақ, «Жолаушы» ЖШС-і 15 қалаішілік бағытқа 162 автобуспен қызмет көрсетсе, «ТехПрофАвто» ЖШС-і 6 бағытқа 58 автобуспен халық игілігіне жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, мұнда жұмыс сапасын жақсарту және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан ҚПБ-мен бірлесе жұмыс атқарып, қалта ұрлығының алдын алу, жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін сақтауын, жүргізушінің қызметін бақылау үшін әр автобусқа 3 бейнекамерадан орнатылған.

Азамат ӘЛІБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы