ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

719 көрілім

Оңтүстік Кореяда 22-24 қыркүйек күндері аралығында «Вонджу 2023» халықаралық би фестивалі өтті. Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени алмасу жылы аясында өткен мәдени іс-шара мақсаты – екі ел арасында мәдениет пен ынмақтымақтастықты нығайту болып саналады. Онда Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының әншісі Оразәлі Жаңабай және «Qagan» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Олар «Сүгірдің термесі», «Жайма қоңыр», «Әйкен ай», «Әл Фараби», «Qagan», «Көзімнің қарасы» шығармаларын орындап, көпшілікті тәнті етті.

Аталған фестивальге Қазақстанның атынан Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Би-Сұлтан» би ансамблі де шақырту алған болатын. Шығармашылық сапар барысында бишілер «Дала рухы», «Өрлеу», «Ақбаян», «Көзімнің қарасы» қойылымдарына билеп, халықтың қошаметіне бөленді. «Би-Сұлтан» би ансамблі – көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы. Көркемдік жетекшілері – ҚР Үздік хореографтары, ҚР Мәдениет қайраткерлері Орынбай Айболат және Тәуекелова Гүлнәзия.

Айта кетейік, облыстық-республикалық байқаулардың жүлдегері Оразәлі Жаңабай – Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының эстрада ұжымының әртісі. Бүгінде дарынды әнші көптеген шығармашылық жетістікке жетіп отыр. Атап айтқанда, 2012 жылы Ж.Елебеков атындағы арнайы сыйлықтың иегері, 2013 жылы К.Әзірбаев атындағы VІІ республикалық «Шырқа даусым» байқауының ІІ орын иегері, 2013 жылы ХХХІV республикалық орындаушылар байқауының І дәрежелі диплом иегері атанған. Ал «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі 2018 жылы құрылған. 2021 жылдан бастап Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында жұмыс істейді. Қазақтың көне музыка өнерін бүгінгі заманмен үндестіріп жүрген жаңа топ қазақтың ұмытыла бастаған көне аспаптарын дәріптейді. Өнер ұжымының қоржынында халық композиторларының шығармалары, халық әндері, қазіргі заман композиторлары мен ансамбльдің авторлық шығармалары бар. Көркемдік жетекшісі – Жанбаев Нұрболат,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы