ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕЙТОЙ

764 көрілім

Түркістан қаласының тұрғыны, ардагер Үрлібаев Сембі ақсақал 1-қаңтар күні 100 жасқа толады.

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы қазыналы қарияның шаңырағында болып, мәртебелі мерейтойымен құттықтады.

100 жасты алқымдаған ардагер әлі де тың. Мақсат Асылбекұлы қарияға сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі. Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алғыс хатын табыстады.

Үрлібаев Сембі ақсақал көп жылдар бойы Түркістан өңірінің ауылшарушылығы саласында аянбай еңбек етіп, сол саланың қыр-сырын меңгеріп, жастарға мол тәжірибесімен бөліскен, еңбегінің арқасында елге сыйлы да, беделді ақсақал ретінде танылған тұлға.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы