Бүгін, “Nur Otan” париясының мүшесі, Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Мақсат Асылбекұлы, Мәди Аманжол, Дәурен Тәңірбегенов, Тілепова Айгүл тұрғындарға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге пәтер кілтін тапсыру шарасына қатысты.

Облыс басшысы қаламызда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аталып өткендігін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті дамытып, Түркістанға айрықша қолдау көрсетіп жатқанын айтып өтті.

Бүгінде Түркістан түрленіп, туристер саны көбейіп келеді. Әкімшілік-іскерлік аумағында көпқабатты, зәулім үйлер бой көтеруде. Үйлермен қатар қаламызда көптеген әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандар салынды. Биыл 610 отбасы пәтерлі болды. Оның көпшілігі – көпбалалы аналар.
