Медициналық бетперде – аурудың алдын алу, емдеу және сауықтыру мақсатында, сонымен қатар санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы шараларды орындау, дәріханаларда дәрілер дайындау барысында пайдаланылады.
Дәрігерлер ауру адамдармен жұмыс жасау барысында қорғанудың қажеттілігін түсінді. Осылайша XVII ғасырдың басында медициналық бетперденің арғы атасы «құс тұмсығы» деп аталып кеткен костюмді Франция дәрігері Шарль Де Лорм ойлап тапты. Бетперде бірден екі мақсатқа қызмет етті. Бұл обаны таратушы құстар деп болжамдаған және осы костюмді киген дәрігерді мысырлық құдайға ұқсатып, ауруды «қорқытады» деп сенген. Бірақ бұл бетперде тұтас бір костюмнің бөлігі болған. Бұл бетперде «оба» ауруларынан қорғауға арналған.
ХІХ ғасырдың соңында дәрігерлер Пол Бергер мен Иоганн Микулич-Радецкий бір уақытта қазіргі заманға ұқсас медициналық бетперделерді ойлап тапты. 1897 жылдың аяғында Пол Бергер емделушілердің, сөйлесу , жөтелу және түшкіру кезінде, сілекеймен ауру жұқтыру қауіпінен қорғану үшін мұрнында таңғышпен ұстап тұратын алты қабаттан тұратын медициналық бетпердені қолдана бастады. Ол бір жылдан астам уақыт бойы бақылаулар жүргізді, оның барысында дәрігерлер медициналық бетперделерде жұмыс істеген науқастардағы инфекциялар саны азайды.
1920 жылдан бастап, медициналық бетперделер Еуропаның көптеген елдеріндегі ота залдарында қолданыла бастады. Бетперделер сонымен қатар «испан» эпидемиясы мен Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде химиялық қарудан қорғау үшін азаматтар арасында қолданылды. Медициналық бетперде – ең көп таралған аурудан қорғану құралдарының бірі. Ол ауруханалар мен емханаларда,тұрғындар арасында, көпшілік орындарда қолданылады. Тыныс алу жолдарының ауа – тамшылар арқылы жұғатын инфекциялардан қорғау үшін таптырмас құрал. Бұл қызылша, тұмау, туберкулез, көк жөтел, паротит және басқалар сияқты аурулар. Алайда, бетперде теріге қатты жабыса алмайды, сондықтан оған зиянды немесе инфекциясы бар ауаның 50 пайызы өтіп кетуі мүмкін. Осыған байланысты ол инфекцияның алдын алмайды. Медициналық маскаларды қайта пайдалануға болмайды. Эпидемия кезінде оларды әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру ұсынылады, ал ластанған ауадан қорғаныс үшін шамамен алты сағатқа киюге болады.
Дилорам РАХЫМҚЫЗЫ,
Түркістан қаласы, тарихи-мәдени-этнографиялық орталық қызметкері.