Түркістанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар сайысқа түсті

362 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен “Интеллект” атты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында интелектуалдық сайыс өтті. Шараға 6 қатысушыдан құралған 10 команда қатысты. Оларға Түркістан қаласының тарихы, туризмі және белгілі тұлғаларға қатысты сұрақтар қойылды. Ойын 4 кезеңнен тұрды.

Білімділер сайысына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, жеңімпаз командаларды марапаттады. Шара барысында сөз алған қала әкімі қоғамда білімді азаматтардың қатарын көбейту үшін осындай сайыстардың маңызы зор екендігін атап өтті. Сондай-ақ арнайы қонақ болып “Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ардагерлер және мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс бөлімінің” бас маманы Аманбай Ұлан, “Түркістан қалалық аналар кеңесіні төрайымы Мұстафаева Ұлжан, “Ардагерлер алқасының” төрағасы Құлбайымбетов Жарқынбек, “Әкелер мектебінің” төрағасы Байтілесов Еркінбек қатысты.

“Интеллект” сайысына қатысқан барлық команда бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды. Сайыста 1 орынға “Әл Фараби” тобы, 2 орынға “Turan kz” тобы және 3 орынға “Сұңқар” тобы ие болды. Жеңімпаз топтар ақшалай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы