- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгінде коронавирус дертінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы тарапынан ауқымды жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.
«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының бастамасымен қала аумағындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің ірі және орта сауда орындарының бағаларына сараптама жүргізіліп, тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері бірнеше рейдтік шараларын жүргізіп келеді. Рейдтік шара барысында азық-түлік бағасы тексеріліп, кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігі баса айтылуда.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен қаладағы «Қуаныш» орталық базарындағы азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді. Мониторингтік топ құрамында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы, орталық базар басшылығы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Осыған байланысты қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайтарымды іс барысында тұрмысы төмен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларына көмек көрсетілді. Акция барысында мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Мұндай шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болмақ.
А.ТЕМІРБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.