ТҮРКІСТАН: ҚҰРБАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ – АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

2 көрілім

Қазақ халқы үшін  ХХ ғасыр – қасірет пен қайғыға толы кезең. Алаштың ардақты азаматтары азаттық үшін күресіп, ел болашағын ойлап, ұлт мүддесін қорғауға ұмтылды. Бірақ сол жолда талай тағдыр тапталды, мыңдаған жазықсыз адам қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылды, жер аударылды. 1997 жылы ҚР тұңғыш Президентінің Жарлығымен 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бұл күн – өткенге тағзым, бүгінге тәубе, болашаққа үміт.

1930–1950 жылдар аралығында Кеңес Одағының құрамындағы халықтар жаппай репрессияға ұшырады. Қазақстанда бұл зұлмат бұрын-соңды болмаған трагедияға айналды. Архив деректеріне сүйенсек, елімізде 100 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың қатарында қазақтың маңдайалды азаматтары — Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш арыстары болды. Қуғын-сүргіннің бір тармағы – халық жауы деген жалған айыппен ұсталғандардың тағдыры. Олардың ішінде зиялы қауым, дін өкілдері, ұстаздар, қарапайым шаруалар мен жұмысшылар да бар еді. Қуғындалғандар ГУЛАГ лагерлеріне жіберіліп, Сібірге, Қиыр Шығысқа, Солтүстікке жер аударылды.

Қуғын-сүргінмен қатар Қазақстан халқы 1921–1922 және 1931–1933 жылдардағы ашаршылық нәубетін бастан кешірді. 1932–1933 жылдардағы ашаршылық – қолдан ұйымдастырылған зұлмат еді. Мәжбүрлі ұжымдастыру, мал-мүлікті тәркілеу және астықтың шамадан тыс салығы миллиондаған адамның ажалына себеп болды. Ресми деректер бойынша, ашаршылықтан 2 миллионнан астам қазақ қырылып, тағы 1 миллиондай адам шетел асуға мәжбүр болды.

Бұл – қазақ халқының 70%-ға жуығы жойылған сұмдық кезең еді. Ұлт ретінде жойылып кетудің аз-ақ алдында қалғанымыз – тарихи шындық. Ашаршылық пен қуғын-сүргін – егіз зұлмат, олар халықтың демографиялық, рухани және мәдени келбетіне орны толмас сызат салды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тарихи әділеттілік орнай бастады. Қуғын-сүргін құрбандары ақталды, олардың есімдері жаңғырып, қайта тірілді. Еліміздің түкпір-түкпірінде ескерткіштер орнатылып, архивтер ашылып, зерттеу жұмыстары қолға алынды. «АЛЖИР», «КарЛАГ», «Степлаг» сияқты лагерлердің орны бүгінде мемориалдық кешендерге айналып, келешек ұрпаққа сабақ беріп отыр. Бұл – әділет үшін күрестің, тәуелсіздіктің құнының белгісі.

1920–1950 жылдар аралығында Кеңес үкіметі тұсында жүргізілген саяси науқандар мен  репрессиялық шаралар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағында миллиондаған адамның өмірін қиған. Қазақстан үшін бұл кезең ерекше қасіретті болды. Қуғын-сүргін толқындары:

1928 жылы байларды тәркілеу басталды. 700-ден астам бай-шонжардың мал-мүлкі тәркіленіп, өздері отбасыларымен бірге қуғындалды.

1929–1931 жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде мыңдаған шаруа «қалталы кулак» деп танылып, жер аударылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы