ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫН ТАБЫСТЫ АЯҚТАДЫ

28 көрілім

Түркістан қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған ел біріншілігінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас зілтеміршілер бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.

Жалпыкомандалық есепте ұлдар арасында Қызылорда облысының құрамасы чемпион атанса, Түркістан облысының командасы күміс жүлдені жеңіп алды. Үздік үштікті Ақмола облысының спортшылары түйіндеді.

Ал қыздар арасында Жетісу облысының құрамасы чемпиондық атаққа қол жеткізсе, Ақмола облысы екінші орынды иеленді. Түркістан облысының қыздар құрамасы ел чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Чемпионат қорытындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, өңір намысын абыроймен қорғады.

Жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров марапаттады. Ол үздіктерге арнайы тағайындалған медальдар, кубоктар және алғыс хаттарды табыстады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының чемпионатына Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы