Салауатты өмір салтын қалыптастыру

644 көрілім

Денсаулық – басты байлық. Салауатты өмір салтын тыңғылықты ұстанып, Тәңірдің берген теңдессіз нығметіне титімдей кінарат келтірмеуде тәртіптен таймау қажет-ақ. Бірақ осыны әрбіріміз қатаң сақтап жүрміз деп айта алмаймыз.Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-50 проценті өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 проценті қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттер әсерін тигізбей қоймайды. Жас кезінен аурушаң болған атақты ғалым, медицина ғылымының майталманы Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңген. Бұдан салауатты өмір сүремін десеңіз, ешкім оған қарсы тұра алмайды деген тұжырым шығаруға болады.

Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың да пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Қорыта келе, салауатты өмір салтын қалыптастыру адам жаны мен тәнiнің амандығы, өмірдегi баға жетпес асыл құндылығы, ең басты байлық екенін ұғынып, сол жолды ұстану.

Балнұр ПЕРНЕХАН,

Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы