ЕҢБЕК АДАМЫН АРДАҚТАУ- ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫМЫЗ

488 көрілім

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында “Әрбір азаматымыз әсіресе жастар ең қасиетті құндылықтарды бойына сіңіруді қажет”-деп көрсеткен.

Осы орайда қаламыздағы Әзірет Сұлтан ұлттық тарихи мәдени музейінде ”Еңбек адамы”бағдарламасы бойынша кезекті іс-шара Республика күнімен,кітапхана күніне сәйкес келді. Кешті музей деректоры Мәулен Садықбеков ашып қонақтарды Республика және кітапхана күнімен құттықтады. Іс-шараны музейдің ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Берік Байбол жүргізді.

Кеш қонақтары бұрынғы кітапхана меңгерушілері,ұлағатты әжелер:Сержанова Раушан Нұрпейісқызы,Сартбаева Қымбатгүл Тінейбайқызы.Алдымен зейнеткерлердің қызмет жолдары туралы бейнебаян көрсетілді.Сержанова Раушан-Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының кітапхана және библиография мамандығын 1970 жылы бітірген.Жұмыс өтілі 38 жыл.Кітапхана қызметінде болған.ҚР еңбек сіңірген қызметкері.

Қымбатгүл Сартбаева 40 жыл музей қызметкері,және кітапханашы болған.Алматы қаласындағы Қыздар Педагогикалық Институтын бітірген.

  Кеш кейіпкерлеріне көптеген сұрақтар қойылды. Солардың бірқатары мыналар:

1.Не себепті осы мамандықты таңдадыңыздар?

2.Қызметте жүргенде қандай қиындықтар болды?

3.Кітапханада ең көп отырған жастар естеріңізде ме?

4.Қазіргі заманауи кезеңде жастарға кітапханада кітап оқу қажет пе?

Кеш қонақтары 90 жылдары кітапханалардың жабылуы,кітапханашылардың еңбек ақысындағы келеңсіздіктер жөнінде сұрақтар берді.Қаншама кітапханашы қызметін тастап кеткен.Ол жылдары еңбек ақысының орнына ұн,макарон берілген.Кітапхана ғимаратты суық,жылусыз болған.Кейбір ауылдық кітапханалардан жыландар шыққан.Мамандығын мақтаныш көрген екі кітапханашыда қызметтерін тастамай зейнетке шыққан.Кітапханаға ең көп келетін оқырмандардан айтыскер ақынымыз Б.Шойбековтың аты аталды.Суық болса да кітапханада үнемі отыратын,қиындыққа мойымай кітапты бойтұмар еткен оқырмандардың өмірден ойып орын алғаны мақтаныш. Іс-шараға қатысқан қалалық әйелдер алқасының төрайымы-Ұ.Мұстафаева сол қиын кезеңде Түркістанда 63 кітапхана жабылып,оның 42 сі қайтадан ашылғанын айтты. Іс-шараға музей зейнеткері Б.Зиябекова, кітапханашылар мәдениет үйінің қызметкерлері,қалалық әжелер алқасының мүшелері қатысты.

Қазіргі жастардың кітапқа қызықпайтыны туралы айтылғанда шынымен біз телефонға таңылып кітап оқуды қойғанымыз расында ұят екен деген ұғымға келдім.Кітап-рухани жан дүниені байытатын құрал. Расында, кітап берген білімді телефоннан ала алмаймыз.Осы бір ескерту өтініштер жастарды кітап оқуға қайтару,оқырмандар конференциясын  жиі өткізу туралы ойлана келе өзім үшін де достарым үшін де ұялдым.Мемлекет және қоғам қайраткері,  Әбіш Кекілбаев айтқандай:  адамды адам еткен-кітап,адамзат еткен кітапхана.

Ермұхамед Әубәкір,

ХҚТУ 1 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы