«СӘЛЕМ,ПАПА!»

4  317 көрілім

Мерекелік аптада премьерасының сәті жеңіс күніне түскен “Сәлем,папа” фильмі драмеди жанрындағы режиссер Дамир Тастембековтың авторлық фильмі.

Драмеди– комедия мен драманың қосындысы.Яғни теориялық тұрғыдан драма үшін күлкілі,ал комедия үшін қайғылы болуы мүмкін.Драма мен комедия фильм ішінде үйлесім таба алатын жанр.Драмеди жанры арқылы фильмде адамның тағдыры туралы көбірек көрсетеді. 

Салем,папа – әкесіз өскен жасөспірім жігіттің фэнтезиге жуық бірақ қоғамға ой салар оқиғасы. Жанұядағы тірек пен мықты білектің жоқтығы жасөспірімге ауыртпалық түсіреді. Жоғары сынып оқушысының анасы қолынан келгеннің бәрін жасайды, бірақ жалғыз анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі олардың басынан өткен өмірлік қиындықтарды жеңе алмайды.Басты кейіпкер әкесін ештеңеге қарамастан табуы керектігі жайлы шешім шығарады,бірақ әкесі жайлы ақпараттан бейхабар,әкесінің өмірі құпияға толы екенін жақсы біледі. Фильм сюжеті басты рөлдегі Аман есімді кейіпкердің өз анасымен тіл табыса алмай жүргенінен басталады.Кейінгі кадрларда әкесін іздеп тапқысы келген кейіпкерді өткен шаққа өткізіп жібереді,яғни фэнтезиға басымдық береді.Басты кейіпкер Аманды найзағай соғып өткен шаққа өтіп жас кезіндегі анасымен,әкесін жолықтырып олармен бірге қызықты сәттерді өткізеді.

Фильмнің басты фишкасы әкесі жайлы шындықты білгісі келген Аманның өткен шаққа өтуінде.Мәселен найзағай соғуы арқылы өткенге өтіп кетуі ерекше бір көрермен күтпеген әсер мен атмосфера сыйлаған тәрізді.Кезіндегі заңсыз ұрылық–қарылық болған уақыттыда көрсете өтті.Өткен жылдардың өзіндік бір ескі ретро стильдегі өлеңдері,адамдардың киіну тәсілі,өзгеше бір махаббаттыда сезіндіре алды деп толықтай айтуға болады. Сценаристердің бұзақыларды романтизациялауға алып бармағаны басты ерекшелік,дегенмен соған байланысты фильм басында сәл болсын кадрлар көрсетілді. Фильмнің 1,5 сағатында көп нәрсені түсіндіріп, диалогтарға басымдық берілмейтін шығар, дегенмен актерлар өз рөлдерін толыққанды алып шықты.Актерлік құрамы:Еркебұлан Дайыров өр мінезді жігіттің рөлін алып шықты,өзіндік бір харизмасы сөйлеу мәнерімен үйлесімділік тапты.Нәзік әрі ақ халатты дәрігер,уайымшыл ана кейіпкерін өзбек актрисасы Юлдуз Раджабова сомдап шықты.Бала күнінен фильмдерден көрініп жүрген Жасұлан Көпберген басты рөлдегі Аманның рөлін дикциясы мықты,кез–келген ортаға бейімделе алатын,ашуын ақылына бағындыратын кейіпкер ретінде көрсете алды.

Фильмде қозғала өткен ауқымды мәселе–бұл қанау,күшпен тартып алу,өктемдік жүргізу.90–жылдардағы естеліктерден ең жиі естейтініміз бұзақылардың қарапайым адамдардан күшпен ақша жинап отыруы.Егер міндеттелген ақшаны дер кезінде жинап бере алмаса бағалы дүниесін ұрлап,немесе үйін тонап,жұмыс орнын талқандап кетуі.Еңгезердей ер жігіттердің әкесімен жасты кісіні бопсалап,ақша талап етіп бере алмаймын менің сендерге ақша беріп отыруға жағдайым келмейді деген жауабына үлкен кісіні таяқтың астына алуы туралы фильмде көрсетіліп өтілді.

Фильмнің соңғы сәттерін ешкім болжап күтпеген болатын,тіпті менің ойымша Қазақстандық кинолар арасында сюжетті 360–градусқа бұрып жіберу алғаш рет болып отыр.Соңғы сәттерде Аман өзінің анасының сонша іздеп табуға тырысқан әкесінен зорлық көргені туралы өз құлағымен естіп біледі.Сол сәттегі бас кейіпкердің жай күйін сезіне алған жанның көзіне жас үйірілетіні сөзсіз.

Соңғы уақыттағы ауқымды мәселелердің бірегейі–бұл зорлық.Фильм арқылы бұл мәселені  жеткізе алды деп есептеуге болады.Фильмдегі ең ұнаған сәт жәбірленушіні ешкім кінәләған жоқ.Қоғам арасында белең алған виктимблейминг түсінігі жүзеге асырылған жоқ. Дәл осы зорлық мәселесін айқын көрсеткен Асқар Ұзабаевтың “Бақыт” фильмі 2022 жылы ұсынылған болатын.2023-2024 жылдар аралығындағы Қазақстандағы прокатқа шығып жатқан фильмдер ене,той,құда–құдағи,әкімдер,елдегі жемқорлық туралы түсіріліп кетті.Тіпті қай фильмді қарасаңда бір актер,жаңа бет бейнені мүлдем көре алмадық.Өзгеше бір жанрдағы финалдағы жағдайларды өзгертіп жіберетін фильм жоқ еді.Дегенмен де “Сәлем,папа”фильмінің соңғы тұстары түсініксіздеу болып қалған тәрізді.Көрерменнің бірі түсінсе,енді кейбірі бір–бірінен қалай аяқталғаны жайлы сұрай бастады.Соңғы кадрларды асығыс жасап жібергендей сезім қалып кетеді.Тағы бір назар аударатын бөлігі–фильмнің саундтрегі.Әдемі әуенмен үндестік тапқан хор арқылы сүйемелдеумен айтылған бөліктері бар жас әнші Садраддиннің “Ана” әнін саундтрек ретінде алған.Фильмді әлеуметтік желілерде талқылап пікірлерін жарыса жазғандар фильм толықтай орыс тілінде түсірілді неге қазақ тілінде емес деген сұрақтарын жаудырған екен.Енді кейбірі“Назад в будущее”фильмінің сценарийі деседі.Ал корей елінің сериалдарын қызығып көрушілер“Мерцающий арбуз”сериалын көргендей болдым деп пікір қалдырған екен.Бірақ жас режиссер фильмді идея келгеннен бастап 2–жыл ішінде түсіріп шығарғаны жайлы инста парақшасында бөлісіпті.

Фильм ішіндегі оқиғалар қолымызда бардың қадірін білу,«Шектен тыс қамқорлық көрсету» сынды түсініктердің шын мәнінде ананың шырылдаған уайымы екенін ұғындырады,өткенді өткенге қалдыру,өткеннің есігін қатты жауып енді ашпау,қазіргі сәтпен өмір сүру,алдыға жылжуды түсіндіреді.Бала үшін әкенің маңыздылығын,күн сайын қасында болуының міндетті екенін көрсетеді. Әсерлі тақырыптар мен әке мен бала арасындағы қарым-қатынастар қозғалады. Отбасы құндылықтары,ананың маңдай тері, ер азаматтың отбасындағы маңыздылығы. Әсіресе, жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырған аналар үшін әсер беретін фильм. Фильмде ата-ана махаббаты мен жанқиярлық құндылығы көркем түрде көрсетілген.Оны көргеннен кейін сіз ата–аналардың балалары үшін жасаған барлық істерін терең бағалайсыз және олардың баға жетпес үлесі мен біздің өміріміз үшін ризашылық сезімін тудырасыз.

Диана СЕРІКҚЫЗЫ, ХҚТУ-дің 3 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы