БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР АФГАН БА ӘЛДЕ АУҒАН БА?

803 көрілім

Режиссер Ерасыл Байболовтың 2024 жылы көрерменге жолдаған “Біздің жігіттер Афган” фильмі комедия мен драманың ассосациясының арқасында сыншылар мен көрермендердің ерекше назарына ие болды. Фильм Ауғанстаннан Қазақстанға баратын есірткі саудасымен күресу үшін қайта жиналған Ауғаннан оралған бұрынғы барлаушылар тобы туралы баяндалды.

Олардың мақсаты-қылмыстық топтарды тоқтату және елде есірткінің таралуына жол бермеу. Отанға деген патриоттық сезім мен батылдықтың айқын кескінін бейнелеген бұл фильм көрермен көңілінен шығатын үздік туындылардың қатарына кіретініне сенеміз.

“Біздің жігітітер Афган ” – бұл маңызды және өзекті әлеуметтік мәселелерді жеткізу үшін әзіл-оспақты сәтті пайдалану. Байболов комедия элементтерін драмалық сәттермен шебер үйлестіреді, бұл мәселенің мәніне тереңірек енуге мүмкіндік береді және сонымен бірге фильмді кең аудиторияға қолжетімді және қызықты етеді. Ұлан Нүсіпәлі, Алмат Сакатов,Еркебұлан Тоқтар және Бейнұр Баймұхамбетов өз кейіпкерлерін асқан шеберлікпен бейнелеген. Олардың экрандағы химиясы фильмге шынайылық қосады және оны одан да қызықты етеді.

Көрнекіліктер мен операторлық жұмыстар да мақтауға тұрарлық. Фильм жоғары деңгейде түсірілді, бұл көрермендерге болып жатқан оқиғаның атмосферасына толығымен енуге мүмкіндік береді.Фильмдегі шиеленіс сюжетпен үйлескенде көрерменді фильмнің барлық кезеңінде таңқалдырды.

“Біздің жігіттер Афган” фильмінен бұрын елімізде жемқорлық пен нашақорлық тақырыптарында қаншама фильм көрермен назарына ұсынылған болатын. Оның бірі “Бақытынды аяла” атты қысқаметражды фильмі. Онда еліміздегі маңызды мәселелерді кино тілімен түсіндірген. Кино режиссері Еркін Рақышевтің фильмді түсірудегі басты мақсаты ел рухын көтеру, жүрегі қазақ деп соғатын әр азамат қазақ елінің жанашыры екенін көрсету. Патриоттық жанрға бағытталған киноның ішінде “Біздің жігіттер Афган” фильміндегі көтерілген тақырыптар нашақорлық пен жемқорлық жайлы астарлап бейнеленген. Екі кино да сәтті түсірілген, мықты режиссерлердің мағыналы туындылары болғанымен айырмашылықтары өте көп. “Бақытынды аяла” фильмінде соңғы уақыттағы елде болып жатқан мәселелерге байланысты жан-жақты тақырыптарды қозғап, түсірген болса, “Біздің жігіттер Афган” фильмі бір тақырыпты қозғап, бір оқиға желісімен бейнеленген. “Бақытынды аяла” фильмінде бір жетім қазақ баласының өмірін көрсету арқылы елдегі барлық мәселені жеткізеді. “Біздің жігіттер Афган” фильмі көбнесе комедия жанрына негізделген болса, “Бақытынды аяла” фильмі драма жанрындағы мағыналы фильм. Екі киноның да берер тәлімі мен тәрбиесі өз алдына бөлек. Ең бастысы көрермен саналы ой түйіп, керемет әсер алса, екі киноның еліміздегі қазақ кино саласындағы ең үлкен жетістігі сол.

  “Біздің жігіттер Афган” – бұл ойын-сауық киносы ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік мәлімдеме. Фильм есірткі саудасына қарсы күрес пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығына қатысты мәселелерді көтереді. Бұл филмді қазақстандық кинематографтың маңызды әрі өзекті туындысына айналдырды. Байболов бір уақытта көңіл көтеретін және ойландыратын туынды ретінде көрермен көзайымына айналып үлгерді. Зілі мен әзілі қатар болған туынды көрерменнің оң ықыласына бөленгені анық…

Бұл кино контрабандалық әрекеттерге қарсы күрес пен патриотизмнің айқын көрінісі. Актерлардың ойыны жоғары деңгейде болды. Кейіпкерлерге тоқталсақ:

Ораз-лидер. Топтағы негізгі көшбасшы. Төлеген-өз таксопаркін ашқысы келетін қатардағы көлік жүргізушісі. Саят-пессимист. Ауғанстанда сапер болған. Қызын үйлендіреді. Бірақ бұл үшін қаражат жетіспейді. Дидар-жас барлаушы. Көбіне өзіне сенімді амбициялы бала. Жағымсыз кейіпкерлер де кинодағы концентрациялы бейне ерекше беруге тырысқан. Халид-жауыз. Билікті жақсы көретін. Адам өмірінен ақшаны жоғары қояды. Кинодағы әр актер өз ісінің шебері екенін актерлік шеберліктерімен ақ анық көрсетіп тұр. Актерлер өзіне берілген рөлді шынайы сомдап, жұмысына берілген нағыз өз істерінің мамандары екенін көрсетті. Бұған киноның өзі ақ дәлел. Төбелес кадрлары да жақсы дайындалған әрі актерлардың жақсы тобын жинаған керемет кинокартина. Байқасаңыздар кино соңында келесі фильмге сілтеме береді. Біздің жігіттер.Афган тек қазақстандық емес,ТМД елдерінің де қызығушылығын тудырған.

Киноны көрген әр көрермен ондағы мән мен мағынаны түсініп, бір ой түйсе бұл тек режиссердің ғана жетістігі емес кинодағы өз рөлдерін жауапкершілікпен сомдап шыққан актерлер мен жалпы қазақ кино саласындағы ең үлкен жетістік. Елімізде осындай кинолардың саны артып, бір адамға кішкентай болсын септігін тигізсе бұл мәдениет саласының дамуына,  соның ішінде жалпы ел дамуына зор үлесін қосары анық. Мағынасы мен берер тәрбиесі бар әр кино мақтау мен мадаққа лайық.

Гүлнәз Пернебекова, ХҚТУ-дің 3 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы